25 градус аяз: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады? - на weekend.bugin.kz
Bugin.kz - на weekend.bugin.kz Bugin.kz

Ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК алдағы үш күнге ауа-райы болжамын жариялады.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 14-16 қараша күндері Орал және Батыс Сібір аймақтарынан арктикалық фронттардың оңтүстік-шығысқа жылжуымен Қазақстан территориясында қар, кей жерлерде бұрқасын, солтүстік-шығыс желінің күшеюі және көктайғақ болады. 

"Ал фронттардың артынан арктикалық теңіз акваториясында қалыптасқан антициклон келеді. Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнгі ауа температурасы 13...18, кей жерлерде 20...25 аязға дейін төмендейді, бұл орташа көпжылдық мәннен 4…10°С-қа төмен", - дейді синоптиктер.

Алдағы үш күнде республиканың батысында ғана ауа температурасы нормаға жақын болады әрі жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Нұр-Сұлтан

• 14 қарашада күн бұлтты, аздаған қар жауады, күндіз - 3°C, түнде - 8°C;

• 15 қарашада күн ашық болады, күндіз - 16°C, түнде - 20°C;

• 16 қарашада көшпелі бұлт шығады, күндіз - 8°C, түнде - 5°C болады;

Алматы

•  14 қарашада күн ашық, күндіз +11°C, түнде + 9°C;

•  15 қарашада күн бұлтты болады, күндіз ауа температурасы +8°C, түнде +2°C;

•  16 қарашада ауа райы ала бұлтты, күндіз +2°C, түнде - 3°C-ке дейін төмендейді;

Шымкент

• 14 қарашада күн ашық, ауа температурасы күндіз +13°C, түнде +7°C;

• 15 қарашада ауа райы жауын-шашынсыз, күндіз +14°C, түнде +8°C;

• 16 қарашада күн ашық, күндіз +12°C, түнде +6°C болады.

Дабылды ескерту

14 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде оның күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ал облыс орталығы -  Петропавл қаласында 14 қарашада тұман, көктайғақ болады. Күндіз жел екпіні секундына 20 метрге дейін барады.

0 Пікір Кіру