Сорлы жүрек үнсіз ғана жылады - на weekend.bugin.kz
Камал Ұзақов - на weekend.bugin.kz Камал Ұзақов

Өлең

Өмір сондай - сүрінесің, тұрасың,

Қиялдайсың, түрлі мақсат құрасың.

Армандарың желге ұшқан кезінде,

Басыңды кеп түрлі жерге ұрасың.


Өмір сондай - өз дегенін істетер,

Шалыс бассаң, бармағыңды тістетер.

Өмір өзі тəрбиелеп адамды,

Кейде əлсіз, ал кей кезде күшті етер.


Өмір сондай - армандаумен келесің,

Бос қиялдың жетегіне ересің.

Бостан-босқа ұрынғаннан пайда жоқ,

Маңдайыңа жазылғанды көресің.


Өмір өзі ақ-қарадан тұрады,

Шешілмейтін тым көп екен сұрағы.

Өтіп жатқан өміріме бір налып,

Сорлы жүрек үнсіз ғана жылады.

0 Пікір Кіру