Сәнгер Патрик-Луи Виттон қайтыс болды - на weekend.bugin.kz
Plumeria - на weekend.bugin.kz Plumeria

68 жасында дүниеден озды

Louis Vuitton сауда үйінің негізін қалаушының шөбересі, модельер Патрик-Луи Виттон Францияда 68 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Louis Vuitton Instagram парақшасында хабарлады.

Сәнгердің неден қайтыс болғаны белгісіз. Louis Vuitton Сауда үйін 1854 жылы Францияда Луи Виттон құрған. Ол «люкс» кластағы чемодандар мен сөмкелер, сәнді киім, парфюмерия және сәнді аксессуарлар өндірісіне маманданған.

Ал Луи Виттонның шөбересі Патрик-Луи Louis Vuitton жұмысына 1973 жылдан бастап араласып, сән әлемінде еңбек еткен. 



0 Пікір Кіру