Египетте археологтар мумиямен бірге 30 саркофаг тапты - на weekend.bugin.kz
Plumeria - на weekend.bugin.kz Plumeria

100 жылдағы үлкен олжа

Мысырдың Луксор қаласында археологтар ішінде абыздар мен абыз әйелдердің мумиясы салынған 30 саркофаг тапты, деп хабарлайды The Guardian.

- Бұл - үлкен құпия орын. 19-шы ғасырдың аяғынан бері адам саркофагі алғаш табылып отырған қабірхана, - деді Египеттің Ежелгі Мысыр жөніндегі министрі Халед Эль Энан.

Саркофагтар жақсы сақталған: жазулары да өшпей сол күйі сақталып қалған.

Мамандар саркофагта мумиялары табылған абыздардың 3000 жыл бұрын өмір сүргендігін айтып өтті.

Табылған заттар қалпына келтіріліп, 2020 жылы Гиза пирамидаларында ашылатын Үлкен Египет мұражайының көрме залына жіберіледі деп жоспарлануда.


0 Пікір Кіру