Фонограммамен ән айтарда ескертуі тиіс: Қазақстанда әншілер жайлы заң дайындалуда - на weekend.bugin.kz
Bugin.kz - на weekend.bugin.kz Bugin.kz

"Фонограммамен ән айтамын" деп ескертсін енді

Елдің атқарушы органдары әншілердің фонограммамен ән айтуына тыйым салуды көздеп отыр. Яғни, фонограммамен ән айтар алдында елге мұның "фонограмма" екенін ескерту әншілерге заң жүзінде міндеттелмек. Ал заң жобасының өзі үкіметтің ашық электронды сайтында жарияланып, талқылауға жіберілді.

Атап айтар болсақ, Мәдениет мәселелері жөніндегі заң жобасының 9-бабының, 5-тармағына келесідей өзгеріс енгізілмек:

- Көрерменді ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде музыкалық туындыларды орындаушылардың фонограммаларды пайдалануы туралы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен хабардар етуге міндетті, - делінген заң жобасында.

Мұндай шара әншілердің ән орындау мәдениетін көтеру мен музыканың, репертуардың сапасын жоғарылату әрі фонограмманы қолдану мәселелерін реттеу үшін жасалып отыр.

Заң жобасы 23 қазанға дейін талқыланбақ.

Естеріңізде болса, 2017 жылы вокалдан сабақ беретін әнші әрі педагог Сәуле Жанпейісова қазақстан эстрадасының құлдырап бара жатқанын әрі фонограммамен ән айтуға заң жүзінде тыйым салу керектігін айтқан болатын.

- Мәселен, Грузия мен Өзбекстан фонограммамен ән айтуға баяғыда тыйым салған. Ал қазір Қазақстандағы әншілердің 80 пайызы фонограммамен ән айтады, әсіресе, жас әншілер, - деген еді Жанпейісова.

0 Пікір Кіру