10 қазан күнгі кинопремьералары - на weekend.bugin.kz
patick - на weekend.bugin.kz patick

Уилл Смит пен Жандос Айбасов

Бүгін прокатта: өзімен арпалысқан Уилл Смит, Вуди Алленнің жаңа мелодрамасы, Жандос Айбасов пен Сара Аменгелдінің махаббаты және т.б.

«Гемини адам» («Гемини» / «Gemini Man») [16+]: «Пидің өмірін» түсірген Энг Лидің жаңа ғылыми-фантастикалық картинасы. Басты рөлде – Уилл Смит.

Сюжетте Генри Броган есімді жасы келген киллер туралы айтылады. Ол әлдебіреудің нысанасына айналады. Оқиға барысында Генри жолына кедергі келтіріп отырған жас клоны екендігін біледі.

«Нью-Йорктағы жаңбырлы күн» («Дождливый день в Нью-Йорке» / «A Rainy Day in New York») [14+]: Тимоти Шаламе, Эль Фаннинг, Селена Гомес секілді жас жұлдыздардың басын қосқан Вуди Алленнің мелодрамасы.

Фильмде екі жас демалысты бірге өткізу үшін Нью-Йоркке келеді. Ал Нью-Йорктің маусымы өзгеріп, жауын-шашын көбейген екен... Содан романтикалық оқиға басталады...

«Мен сені сүйемін» («Я тебя люблю») [16+]: отандық режиссер Ернар Нұрғалиев түсірген романтикалық драма. Басты рөлдерде – Жандос Айбасов пен Сара Амангелді.

Фильмде Сара есімді жас әнші мен Бек есімді жекпе-жекші арасындағы махаббат оқиғасы баяндалады. Қыз анасының қатаң бақылауымен өмір сүреді. Бірде ережесіз жекпе-жекші Бекпен танысып, олардың арасында сезім оты тұтанады. Алайда қыздың анасы екеуінің бірге болғанын қаламай, оларды бөлу үшін бәріне барады.

«Төбемнен күн батпайды» («Надо мною солнце не садится») [6+]: Ресейдің Саха Республикасында түсірілген драма. Фильм Мәскеу халықаралық кинофестиваліне қатысты.

Сюжетке Николай Лугиновтың «Каменный мыс» повесі арқау болған. Әкесімен ұрысып қалған Алтан Қиыр солтүстікке жұмысқа аттанады. Ол бір ай бойы аралда жалғыз өмір сүреді. Көп кешікпей оған Байбал есімді қария қосылады. Ол соңғы күндерін осында өткізбекші. Қария Алтаннан оны осы жерге - әйелінің қасына жерлеуді сұрайды. Бірақ жігіт Байбалдың өмірін бір күнге болса да ұзартуға тырысады.

Сонымен қатар ресейлік Сарик Андреасянның «Девушки бывают разные» комедиясы прокатқа шықты.


0 Пікір Кіру