2019 жылғы Нобель сыйлығын алғандардың есімі белгілі болды  - на weekend.bugin.kz
Bugin.kz - на weekend.bugin.kz Bugin.kz

Нобель сыйлығы

2019 жылғы физика саласы бойынша Нобель сыйлығын астрофизиктер алды. Лауреаттардың есімі 8 қазанда Стокгольмде жарияланды.

Биылғы сыйлықтың жартысын "физикалық космологиясы жаңалығын ашқан үшін" Джеймс Пиблс алады. Ал қалғанын Майкл Мейджор мен Дидье Келоз иеленеді. Қос ғалымға сыйлық күн типтес жұлдызды айналып жүретін экзопланетаны ашқаны үшін берілді.

Джеймс Пиблс – канадалық және америкалық физик. Ол Жойқын жарылыс теориясын, "Күңгірт материя" формасын зерттеуге көп үлес қосқан. Ал Мишель Майор мен Дидье Келоз – швейцариялық астрофизиктер. Олар 1995 жылы тұңғыш рет экзопланетаны ашқан. Экзопланета – Күн жүйесінен тыс орналасқан, Күнге ұқсас, Негізгі тізбек жұлдызын айналып жүрген планета.

Нобель сыйлығының биылғы жүлде қоры 9 миллион швед кронын (900 мың доллар) құрайды. Пиблс бұл соманың жартысын, швейцариялық ғалымдар жартысын алады.

Нобель сыйлығын тапсыру 7 қазанда басталған. Медицина және физиология бойынша Нобельді америкалық ғалымдар Уильям Кэйлин мен Грен Семенца және британиялық сэр Питер Рэдклифф алды.

Ал әдебиет саласы бойынша Нобель иегерлері 10 қазанда жарияланады. Биыл әдебиет бойынша сыйлық екі адамға табысталады. Былтыр жыныстық бопсалау дауынан кейін әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы берілмеген.

11 қазанда бейбітшілік саласы бойынша, 14 қазанда экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары жарияланады.

Медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерін Стокгольмдегі Каролин институты, әдебиет саласы бойынша швед академиясы, физика, химия және экономика саласындағы сыйлықты Швецияның ғылым академиясы анықтайды.

Ал сыйлықты Норвегияның Осло қаласындағы Нобель комитеті табыстайды.

Азаттық радиосы

0 Пікір Кіру