«Үш бәйтерекке» арналған оқушылар арасында республикалық конкурс жарияланды - на weekend.bugin.kz
Bugin.kz - на weekend.bugin.kz Bugin.kz

Бас жүлде – үш оқушыға 2019-2020 оқу жылына арналған шәкіртақы

Қазақтың қасиетті жері, құнарлы топырағы шын дарындарға ешқашан кем болған емес. Тарихтың қай бетін қарасаңыз да, қасқайып тұрып қаза болған баһадүрлер мен ұлты үшін туған ұлы тұлғаларды табасыз. Дархан даламызда,  еркін өсіп-өнген көшпелі халқымыздың бағына туған перзенттері жетерлік. Солардың ішінде саналы ғұмырын халқына қызмет етуге сарп еткен Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин сынды саңлақтарымыз да бар. 

Биыл аталған Үш Бәйтерегіміздің 125 жылдық мерейтойы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Жастар жылының игілігін ең алдымен жастардың өзі көруі керек» деген нақты тапсырмасы аясында еліміздегі дарынды жастардың шығармашылық тұрғыда дамуына қолдау көрсету мақсатында «MÁŃGlLIK EL JASTARY» қоғамдық қоры Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының қолдауымен «ҮШ БӘЙТЕРЕК» атты мектеп оқушылары арасындағы республикалық байқау өткізіп отыр. 

Байқауға республикамыздың әр өңірінен шыққан, дарынды мектеп оқушылары қатыса алады. Негізгі мақсаты, Сәкен, Ілияс, Бейімбет сынды қазақ әдебиетінің бәйтерегіне айналған алыптардың мол мұрасын бүгінгі өскелең ұрпақтың жадында жаңғыртып, санасына сіңіру арқылы өзінің төл тарихын білетін, құрметтейтін және мақтан ететін нағыз ұлтжанды тұлғаларды тәрбиелеу. Сонымен қатар әдебиетті сүйетін сапалы оқырмандар даярлау және оларды ел көлемінде насихаттау. Қазіргі уақытта байқауға 500 ден аса дарынды шәкірттер қатысып, бақ сынап жатыр. Жеңімпаздардың сыйлықтыры да көңіл қуантарлық. 

Бас жүлде – үш оқушыға 2019-2020 оқу жылына арналған шәкіртақы.

0 Пікір Кіру