Күтумен келемін - на weekend.bugin.kz
Бибіт Нұрмұхан - на weekend.bugin.kz Бибіт Нұрмұхан

Өлең

Алаңдаймын,

Жолыңа қарайлаймын.

Қарап сені күтуден,

Қажымаймын.


Қажыр, қайрат беретін,

Сенің сөзің.

Күтсең болды,

Сәл ғана деген едің.


Күтіп жүрмін,

Сағына да жабыға.

Торуылдап қара жолды,

Жүз қараймын күніге.


Келер түрің,

Бар ма сенің?

Көрінбейсің,

Еш мүлде...


Қараң етіп,

Сәл көрінсе,

Бір бейне.

Сен екен деп,

Жүгіремін бейнеге.


...Күту сонша қиын екен,

Қимасты.

Мүмкін өлі. Әлде тірі,

Белгісіз.

Сезімімді...

Жүрегімді...

Қарауытып мұң басты.

Торуғамын бүгін тағы,

Амалсыздан күн батты...

0 Пікір Кіру