Таксиде ұйықтап қалған ер адам 190 мың теңге төлеген - на weekend.bugin.kz
Мирас - на weekend.bugin.kz Мирас

Бұл оқиға Шотландияда орын алған

Эдинбург тұрғыны клуб шығып, такси шақырған көрінеді. Көлікке отырған күні ұйықтап кеткен. Шотландияның екінші шетінен бір-ақ шыққан, деп хабарлайды Daily Mail.

Ер адам таңғы сағат 05.14-те таксиге отырып, ары кетсе, үш шақырым жерде орналасқан үйіне бармақ болған. Бұған ары кетсе, 15 минут қана уақыт кетеді. 

Таңғы 09:00-дан аса, таксист Ферджиді оятып, машинадан түсірген. Ал сапардың ақысы 400 фунтты (шамамен 190 мың теңге) болып шыққан.

Басында қайда келгенін азаматтың өзі түсінбей қалған. Кейін Snapchat-қа елден көмек сұрап, өтініш жазған соң ғана, оның орналасқан жерін анықтау мүмкін болған. 

Таксист Дамфрис-энд-Галловей округі, Керкубри қаласына дейін 180 шақырым жүріп өтіп, жолаушыны түсіргені анықталды. 

Ол жеті сағаттан кейін ғана Эдинбургке оралған.

0 Пікір Кіру