Өзін бағалау: Жасөспірімдердің өмірге деген құлшынысы қандай? - на weekend.bugin.kz
Ақмарал Берекет - на weekend.bugin.kz Ақмарал Берекет

Жастардың өздерін бағалауы

Өзін дұрыс бағалау бүгінгі күнде үлкен проблемаға айналған. Жастарда бағалаудың осы түрі төмендеу болғандықтан, елімізде әртүрлі келеңсіз оқиғалар орын алуда. Қазіргі жасөспірімдер өздерін қаншалықты бағалайды? Өздеріне көңілдері тола ма? Олар жандары жабырқағанда неден мотивация іздейді? Осы сұрақтарға келесі сауалнамада жауап беретін боламыз.

Bugin: Өзіңді жақсы көру дегенді қалай түсінесіз?

Даяна: Менің түсінігімде өзіңді жақсы көру деген ол - өзіңді сыйлау. Әр адам кез келген уақытта өзін-өзі сыйлауы керек.

Қуантай: Менің ойымша, өзіңді жақсы көру дегеніміз адамның өзіне не керегін түсініп, сол мақсатқа жетуі сияқты. Яғни, өзіңді бақытты сезінуді өзіңді жақсы көрумен тең деп айтар едім.

Сара: Егер сен өзіңді жақсы көрмесең, басқалар сені қалай жақсы көреді деп ойлайсың? Сондықтан да өзіңді жақсы көрудің адам өмірінде маңызы зор.

Маулен: "Өзімді жақсу көру" - өз-өзіме қарау, өзіме көңіл бөлу және баға беру.

Назархан: Өзіңді жақсы көру ол - өміріңді жақсы көру.

Өзіңді жақсы көру дегеніміз - өзіңді қалай барсың, солай қабылдау және күнделікті жақсы тұрғыдан өзгеруге тырысу.

Bugin: Өзіңізге көңіліңіз қаншалықты толады?

Даяна: Әрбір адамның кемшілігі болады. Бұл әлемде кемшіліксіз адам болмайды. Мен өзіме толыққанды көңілім толады деп айта алмаймын. 80-85%-ға өзіме көңілім толады.

Қуантай: Өзіме көңілім 100% толады деп айта алмаймын. Себебі кейде көңіл-күйіме, не бір маған қатысты болған жағдайға байланысты кейде өзгеріп жатады. Бірақ 80-85% көңілім толады.

Сара: Өзіме көңілім 97% толады.

Маулен: Былай ғой 1-10-ға дейін десек, соның тек 6-сы ғана.

Назархан: Өзіме көңілім 80% толады.

Мен өзіме ғашық адаммын. Өзіме көңілім 100% толады.

Bugin: Өмірге деген құлшынысыңыз қандай?

Даяна: Өмірге деген құлшынысым айтарлықтай керемет емес. Себебі менің бойымда жалқаулық басымырақ.

Қуантай: Өмірге деген құлшынысым өте жоғары. Неге десеңіз, күнде жаңа дүниелермен таныс болып, соны меңгергім келіп тұрады. Күн сайын өмір жаңа сыйымен келеді. Сол сыйлардың барлығын көргім келеді.

Сара: Өмірге деген құлшынысым керемет. Өмірді танып-білуге деген құштарлығым күннен-күнге артып келеді.

Маулен: Өмірге деген құлшынысым кәдімгідей жоғары. Жаңағы шкаланың 8-і.

Назархан: Өмірге деген құлшынысым ерекше. Менің жоғары өмір сүргім келеді.

Мен өмірден ешқашан түңілмеймін. Себебі өмір – маған берілген сый. Өмір сенің көңіліңнің құлазығанын көтермейді де. Оған тек өзіне деген құлшыныс қана қажет.

Bugin: Өзіңізді басқалардан ерекшелейтін бір қасиетіңізді айта кетсеңіз...

Даяна: Өзімді басқалардан ерекшелейтін қасиетім деп ашық мінезімді айта аламын. Кез келген ортаға тез үйренісіп, өзімді көңілді ұстаймын. Көңілімнің жоқтығын әр адамға білдіре бермеймін.

Қуантай: Айтарлықтай ерекш қасиетім жоқ. Алайда басқалардан жеке түсініктерім мен көзқарастарымның арқасында ерекшелене аламын. Қасиетімде бар шығар, алайда өзіме қатысты мәліметті ашық түрде айтуға қарсымын.

Сара: Бойымның кішкентайлығы, түрімнің бөпе болып көрінуі, сонымен қатар өз жасымнан кішкентай болып көрінуім – мені басқалардан ерекшелейді.

Маулен: Неге бір-ақ қасиет?

Әділдік, адалдық ...

Назархан: Менің ерекшелігім жылдамдығым мен жаңа ақпаратты тез қабылдауымда.

Мен қандай тұрғыдан алсақ та, басқалардан ерекшемін. Мен секілді адам әлемде жалғыз. Соның ішінде, батылдығым мен ақылдылығымды ерекше қасиеттерім деп толықтай айта аламын.

Bugin: Қандай ситуациялық оқиғалар жаныңызды жабырқатады?

Даяна: Менің көңілімді қалдыратыны – адамдардың берген уәдесін орындамауы. Адам өз сөзінде тұруы керек, сонда ғана ол өз ортасына сыйлы болады.

Қуантай: Өмірден түңілдіретін жағдайлар баршылық. Атап айтатын болсақ, адамдардың өмірінде болған оқиғаларға басқаларды кінәләуі мені қатты қапаландырады.

Сара: Мен біреуді ренжітіп алсам немесе мені біреу ренжітсе жаным жабырқайды.

Маулен: Айтарлықтай түңілдіреді деп ойлама. Бірақ рухани емес кемшіліктерімді бетіме басқанда жаным жабырқайды.

Назархан: Ешқандай ситуациялық жағдай көңіліме тимейді.

Мен кез келген ситуациялық оқиғаға күліп қана жауап қайтарамын. Себебі менің қалауымсыз жанымда өзгерістердің орын алғанын қаламаймын.

Bugin: Күйбең тіршіліктен құлазып, шаршағанда неден мотивация аласыз?

Даяна: Мен өмірде тез шаршағыш адаммын. Сол кезде мен өлең айтамын, анаммен сөйлесемін, ұйықтап, демаламын. Осындай қарапайым ғана нәрселер маған мотивация береді.

Қуантай: Өзіммен өзім жеке қалып, ішкі жан дүниеммен ақылдасамын. Сол - өзіме мотивация.

Сара: Күйбең тіршіліктен шаршаған кезде отбасымнан үлкен мотивация аламын.

Маулен: Күйбең тіршіліктен шаршаған кезде "неден" емес "кімнен" мотивация аласың деген дұрыс болар...

Назархан: Мен шаршаған кезімде өлең тыңдаймын және достарыммен ақылдасамын. Сол маған мотивация бере алады.

Маған әрбір күн, әр күнде жетіп жатқан кішігірім  жеңістерімнің әрбірі мотивация береді. Мен мотивацияны сырттан іздемеймін. Ішімнен табамын.

Bugin: Өмірге келгеніңізге бақыттысыз ба? Неліктен?

Даяна: Әрине, өмірге келгеніме бақыттымын. Себебі өмір қамшының сабындай ғана қысқа. Оның әрбір сәтін бағалап, дұрыс өткізбесең, өміріңді құр өткізгенің деп білемін. Көп адамдарға қарап, өмірдің қадірін түсініп те жатамын.

Қуантай: Өте бақыттымын. Себебін жеке айту мүмкін емес. Жалпы барлық жағдай үшін бақыттымын.

Сара: Осы өмірді, жарық дүниені көргенім үшін қуаныштымын. Мен өмірге келгенім үшін бақыттымын.

Маулен: Әрине бақыттымын. Себебі, миллиондаған тамшылардың ішінен мен топ жардым емес пе?!

Назархан: Иә, бақыттымын. Себебі өмірді жақсы көремін.

Bugin: Мен өмірге келгенім үшін өте бақыттымын. Бұл өмірге бекерге келмегенімді білемін. Мен өміріме, күллі әлемге ғашықпын.

Ал сіз ше? Осы сұрақтарға өзіңіз жауап іздеңізші.


0 Пікір Кіру