Ауыл - жанның емі... - на weekend.bugin.kz
Азиза Даулетханова - на weekend.bugin.kz Азиза Даулетханова

Ауылға жиі бар, досым!

Күні кеше ауылға сапар шегіп келдік... Болмысымыз қалалық болғасын ба, ауылдың тыныс-тіршілігіне сіңісіп кету аз-маз уақытты талап етіп, тұтас бір жетім осында өтті. 

Дәл осы қысқа ғана демалысым ерекше құнды болды десем артық айтқаным болмас. Үй ішімен кештетіп, шәй сіміре отырып айтылған әңгімелер, үлкендердің өне бойыңа рух беретін ақ баталары қаншалықты қанаттандырады десеңізші.

Ауылда қызыққа тоймайсың. Кішкене бала үшін де ауыл керемет әсер қалдырғаны сөзсіз. Көзбен көрмегенше, қандай да бір істің маңыздылығын, ауыртпалығын байқамайды да екенсің. Олай деуіме нұсқау болған, малдың артын бағып, күнін көріп жүрген аға -жеңгем болды. 

Қазір табиғи өнімнің сиреп кетуінің себебін де түсіндім. Таң атар атпастан тұрып, күнді батырып бірақ үйге кіретін бұ кісілердің атқаратын жұмысы зор. Өзім үшін бұл демалыстан алған әсерім жадымда жылы сақталмақ. Сөйтіп келесі қонақтағанымызға дейін шабытқа толы қоржынды артып қалаға қайттық. Ауылға жиірек барып тұрайық! 


0 Пікір Кіру