Тайланда пілдер қырылып қалды - на weekend.bugin.kz
Әйгерім - на weekend.bugin.kz Әйгерім

Бұл оқиға Тайландта орын алды

Тайландта сарқырамаға түсіп кеткен баласын құтқармақ болған бес бірдей піл мерт болды, деп хабарлайды Matichon Online жергілікті ресурсы.

Қайғылы оқиға 5 қазан күні таңертең болған. Пілдердің қышқырған дауысын естіген ұлттық саябақ қызметкерлері оқиға орнына жүгіріп барса, бала пілді құтқара алмай әбден шаршаған екі пілді тауып алады. 

Ал сарқыраманың төменгі жағын тексеріп жүріп, өлген тағы бес пілді тауып алады. Ал тірі қалған пілдерді арқан арқылы құтқарып қалған. 

Осындай қайғылы оқиға осы жерде 1992 жылы да болған. Ол кезде 8 піл қаза тапқан еді. 

0 Пікір Кіру