Журналистика - бұл әмбебап мамандық - на weekend.bugin.kz
Ақбаян Жорабай - на weekend.bugin.kz Ақбаян Жорабай

Журналистика бизнес емес

Журналист деген кім? Қоғамда журналист деп саясаттан хабары бар, мемлекеттік мәселенің бәрін түгелдей білетін, әдеби шығармалардан үзінді сұрасаң, мүдірместен жауап беретін, көркем, шешендік сөздермен мақалдатып сөйлейтін тұлға деген ой қалыптасқан... 

Егер журналистиканы осыдан бір ғасыр бұрын "ғылым", ал  10 жыл бұрын "Өнер" десе... Бүгінгі күні бұл мамандық- имидж, жарнама, сөзбен баурау... Журналист бет-әлпетін бояп алып көгілдір экран алдында жымиып отыратын немесе айқай-шудың, дау-дамайдың арасында жүретін адам емес. 

Журналист ол - ойы, имиджі, экономикасы, харизмасы, өз қәрпі бар тұлға! Журналистика ол - зерттеу! Зерттеп болған жағдайдың анық-қанығына жетпей қоймай еңбек ету. "Журналист режиссер болуы мүмкін, бірақ режиссер журналист болмайды". 

Журналистті мен "солдатқа" теңер едім. Себебі солдат сияқты ол кез келген төтенше жағдайға дайын болу қажет. Әр кез дайын болу керек. Солдаттан бір айырмашылығы журналисттердің қаруы ол - қағазы мен қаламы. Қаламының ұшынан туылған дүние кез келген дау-дамайды шеше алады, ұрысты тоқтата алады. 

0 Пікір Кіру