Жылу жинап, жәшік көтерген еріктілер: Заңды ма, заңсыз ба? - на weekend.bugin.kz
Ainura Daribaeva - на weekend.bugin.kz Ainura Daribaeva

Қайырымдылық жасағыңыз келсе, қаржыңызды тіркелген қайырымдылық қорларына аударғаныңыз жөн

Көше аралап қайырымдылық үшін қаржы жинайтын адамдардың кәсібі көп жағдайда игі іс емес деп ақпарат көздері тынымсыз жазып, еш тынышталар емес. Өзін волонтермін деп қайыр-садақа сұраған фрилансердің аталмыш қайырымдылық жүйесі қалай жүзеге асатындығын анықтап көруге тырыстық.

Көшеде қолына түссіз пластикалық қорапшаларды ұстап, ауру балалардың емделуіне жиі ақша жинап жандарды жиі кездестіруге болады. Кәрзеңкеде баланың суреті мен тегі, диагнозы, ата-анасының координаттары мен қаражат аудару үшін банктік деректемелері, тіпті, жасөспірімдердің қаражатын жинайтын қайырымдылық қорының атауы қоса беріледі.

Қала тұрғындары өздерінің әмиянынан ақша шығарып, қорапқа салуға асығады. Мұқтаж жандарға көмек көрсетуге әрдайым дайын адамдар, тіпті, ол соманың қайда және кімге баратындығына қызығушылық танытпайды.

Бұл қорапшаны көтеріп ақша жинап жүрген волонтер-ақысыз, ерікті қоғамдық іс-шараларға белсене атсалысып қайырымдылық көмек көрсетуші адам.

Бүгінде Алматыдағы ЖОО-ның бірінде оқитын студент қайыр-садақаны ойланып беретін болған. Басты себеп-өзі бір күнгі волонтердің күнін кешкен.

- 2018 жылдың шілде айында Olx сайтында бос уақытта алты-жеті мыңды табуға болады деген жарнамаға кезіктім. Келесі күні құрбым екеуміз барсақ, промоутер деген атпен волонтердің жұмысын міндеттейтін кәсіп болып шықты. Алтын көрсе періште жолдан таяды демекші, біз бірден келістік. Сары формада төрт сағат ішінде 20 мың жинаптық. Жәшікте кішкентай үш жасар қыздың сал ауруына шалдығып, ауыр жағдайда жатқандығы жазылған. Бір күнде алты мың табыс таптық, яғни, барлық жинаған соманың 20%-ы,- деді респондент.

2015 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енген ҚР Әкімшілік кодексі "Қоғамдық орындарда тиісу" бойынша:

"Қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілмен сатып алу, сату, айырбастау немесе иемдену мақсатында кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын адам жасаған, сондай-ақ бал ашу, қайырымдылық, сексуалдық сипатта қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, яғни, мазалап өтініш білдіру-жеке тұлғаларға ескерту жасауға не бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады"

Алайда заңға сәйкес азаматтардың арызынсыз полиция қызметкерлері ешқандай жаза қолдана алмайды. ҚР заңында жалған қайырымдылық үшін айыппұл санкцияларын қарастыратын бөлек бап қарастырылмаған.

- Өз ақшаңызды мамандырылған қорлар мен қоғамдық ұйымдар арқылы қайырымдылық шараларға өткізу дұрыс",- деп хабарлады Алматы полциясының подполковнигі Салтанат Әзірбек.

Еске салсақ, осындай оқиғалар жиі орын алады. 7 айда қоғамдық орындарда тиісу бойынша 1270 адам ұсталған, оның ішінде 974 адам қамауға алынған.


0 Пікір Кіру