Соқыр қария оқиғасы - на weekend.bugin.kz
Бибіт Нұрмұхан - на weekend.bugin.kz Бибіт Нұрмұхан

Өлең

Үй жанында,

Соқыр қария бар еді.

Жүзі мұңды,

Арқалаған бір күнәсі ішінде.

Бір күні,

Қасына бардым оңаша.

(Барғанымда дұрыс болды өзіме)

Балам Қасымсың ба?

- деді қарт.

- Иә, ата, Қасыммын.

- Келші бермен жақында,

Бір оқиға баян етем өзіңе.

Мен жасаған қателікті жасама.

Жас кезім ғой,

Бойда күші тасыған.

Ауыл жастары,

Кешке таман қосылдық.

Ойымызда ештеңе жоқ,

Мылтық алдық, көлге бардық.

Ұшқан құстың бәрін аттық

Отты тұтаттық, қазан көтердік,

Атқан құстың бәрін жедік.

Кенет көлге Аққу келді,

Қанатымен сызып көлді.

Мылтығым сайладым,

Жігіттердің айтқан сөзін елемей,

Оқтадым да атып қалдым,

Атқан оғым тиді барып Аққуға.

...Көз алдымда қара түнек,

Қарауытып барады.

Киеліні атамын деп,

Көз жанарым болды осылай,

Қараңғы.

Осы өкініш әлі мені,

Түн баласы қинайды.

Киелі құс бейнесі,

Еш түсімнен шықпайды...

0 Пікір Кіру