Журналистер оқуға тиіс кітаптар - на weekend.bugin.kz
Бірқабатты Америка - на weekend.bugin.kz Бірқабатты Америка

АҚШ-та алып жатқан біліміммен бөлісе отырайын

Мичиганда оқу басталғанына бір ай болды. Бір айда журналистика саласында жаңа нені үйрендім, сонымен бөлісіп отырайын. Негізі, аптасына үш кітаптан оқуды жоспарлап едім. Бірақ ойдағы жоспар қыркүйек айында аспады.

Десе де, оқып үлгерген кітаптар тізімімен төменде таныса аласыздар (журналистердің барлығына оқуға кеңес берер едім):

- The Elements of Journalism by Bill Kovach and Tom Rosenstiel

- The Elements of Style by William Strunk Jr.

- Doing Documentary Work by Robert Cole

- Things as They are (Photojournalism in Context since 1955)

- The 33 Strategies of War by Robert Greene

- A History of US: an Age of Extremes by Joy Hakim

- The Origins of Urban Crisis by Thomas Sugrue

Тізімдегі бірінші кітап әрбір журналиске оқуға міндетті кітап. Ол жерде екі автор журналистиканың өткендегі принциптері мен қазіргі жайын салыстырып, не өзгергенін, қандай журналистиканың қоғамға қажет екенін талқылайды. Ол кітап небәрі 200 беттен тұрса да, 300-ден астам медиа саласының мамандарының есімдерімен таныстым. Олардың әр қайсысын гуглдеп танып отыруыма көп уақыт кетті, шынымды айтсам. Осы кітап арқылы АҚШ медиа нарығының алыптарымен таныстым. Олар 1997 жылы Гарвардқа жиналып, "Something is wrong with Journalism" деп бастаған дискуссиясы бүгінгі Американың журналистикасының, аз болса да, дұрыс бағытта болуына септігін тигізген. Общым, бұл кітапға арнайы видео ревью жариялаймын.

Кейінгі кітап журналистің жазу стиліне арналған. Ол жерде де ағылшын тілінде мақала жазудың әдіс тәсілдерімен танысасыз. Бүгінге дейін оның 10 миллион данасы сатылған.

Содан кейін екі кітап фото журналистика мен деректі фильм түсіру жайлы кітаптар. Роберт Коулдың кітабы арқылы АҚШ-тағы фотожурналистердің тарихымен таныстым. Кезінде, Франклин Рузвельт Конгресті өзінің дағдарыстан шығуға арналған жаңа ұсынысын қабылдауы үшін фотожурналистерді пайдаланған екен. Ол фотожурналистерді АҚШ-тың түкпір-түкпіріне жіберіп, ондағы америкалықтардың өмірін суретке түсіруді сұраған. Нәтижесінде, жиналған 1600 фото америкалықтардың дағдарыс кезінде қаншалықты қиын жайдайда өмір сүріп жатқанын дәлелдеген. Сосын "New Deal" Сенатта қабылданады. Ал Thing They are деген кітап жайлы арнайы видео ревью болады. Ол туралы да айтарып көп.

Қалған үш кітаптың журналистикаға қатысы шамалы. Роберт Грин менің ең сүйікті авторларымның бірі. Оның "Биліктің 48 заңы" мен "The Art of Seduction" атты кітаптарын баяғыда оқыған ем. Содан бері оның кейінгі кітабына енді қолым жетті. Расында, Бвал Харари сынды терең ойлайтын өте ақылды еврей! Кейінгі кітап жай тарихтан сыр шертеді. Ал соңғысы Детройт жайлы деректі фильмді түсіру мақсатында оқыдым. Себебі ол кітапта автор Детройттың құлдырау себептерін талқылайды.




0 Пікір Кіру