Алматыда әкесі аяусыз ұрып-соққан 2 жасар бала қайтыс болды - на weekend.bugin.kz
Bugin.kz - на weekend.bugin.kz Bugin.kz

Қайғылы оқиға

Алматыдағы «Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының» жансақтау бөлімінде өгей әкесі ұрып-соққан 2 жасар бала көз жұмды. Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Бүлдіршін медициналық орталыққа 23 қыркүйек күні ес-түссіз күйде түскен, есін жимаған күйі қайтыс болыпты. Дәрігерлер оның жағдайы тым ауыр болғанын айтады. Полицияның мәліметінше, баланы оның 34 жастағы өгей әкесі ұрған. Бұған дейін екі рет сотталған күдікті қазір қамауда отыр, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

0 Пікір Кіру