«Жігер» республикалық әскери-патриоттық лагерінің жұмысы қорытындыланды - на weekend.bugin.kz
Жасулан - на weekend.bugin.kz Жасулан

Алғашқы әскери дайындық

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және ҚР Қорғаныс министрлігі қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық жобасы аясында «Алматы студенттер Альянсы» КҚ ұйымдастыруымен «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шараларды өткізу» жобасы аясында ұйымдастырылған 3 күндік «Жігер» республикалық әскери-патриоттық лагері өз мәресіне жетті.

Үш күнге созылған лагерь барысында еліміздің 14 облысы және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан келген қатысушылар арнайы семинарларға қатысып, әскери-қолданбалы және командылық жарыстарға қатысып, елімізге белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлерімен кездесті.

«Жігер» республикалық әскери-патриоттық лагерінің негізгі қорытындысы қоғамдық тыңдалым болып табылады. Қоғамдық тыңдалым 20 қыркүйек күні Алматы қаласы Құрлық әскерлерінің Әскери институты бащасында болып өтті. Аталмыш шараға мемлкеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардан, министрлік өкілдері, партия өкілдері қатысты.

Атап айтар болсақ, Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары, генерал-майор Таласов Мұхамеджан Қадіржанұлы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жалпы орта білім депаратаментінің директор орынбасары Маусымбаева Айнұр Толқынқызы, Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының отбасы және жастар бөлімінің басшысы Құдайберген Орынбасар Қуатұлы, «Алматы студенттер Альянсы» КҚ атқарушы директоры Қуандық Жасұлан Бостандықұлы, «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы, аға лейтенант Мейірбек Оразұлы Меңдіғалиев қатысты. Тыңдалым барысында Орынбасар Қуатұлы Алматы қаласы бойынша жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті. Мектеп жасындағы балаларға әскери-патриоттық тәрбие жұмыстары ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан өз деңгейін атқарылып жатқандығын, сонымен қатар ҚР Қорғаныс министрлігімен жасалған меморандум негізінде ауқымды шаралар орындалғанын Айнұр Толқынқызы айтып өтті.

«Алматы студенттер Альянсы» КҚ атқарушы директоры Жасұлан Бостандықұлы «Жігер» республикалық әскери-патриоттық лагерінің жұмысын қорытындылап, лагерь аясында атқарылған жұмыстарға толықтай тоқталып өтті.

Генерал-майор Мұхамеджан Таласов республика бойынша әскери-патриоттық қозғалыстардың жұмыстарын бағалап, мектептерде және колледждердегі «Алғашқы әскери дайындық» сабақтарының деңгейін көтеріп, клубтар жұмыстарын жүйелеуді тапсырды.

Қоғамдық тыңдалым соңында, лагерь қатысушылары мен курсанттардың сұрақтары мен ұсыныстары тыңдалды. Лагерь барысында өздерін үздік көрсеткен командалар марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.


   

Қайта жаңғырған ұлттық тәрбиенің маңызды бір бөлігі болып табылатын әскери-патриоттық сана-сезімді жастардың бойында қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабы. Осы игі мақсат жолында жұмыс атқару ел болашығының маңызды кілті болып қала бермек.

  


0 Пікір Кіру