Билл Гейтс болашаққа бастар жол деп нені айтты? - на weekend.bugin.kz
Аягөз - на weekend.bugin.kz Аягөз

Ақпарат ғасыры

«Ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда» деп дана халқымыз айтқандай, дәл осы мақалды іс жүзінде дәлелдегендердің бірегейі, ғаламшардағы аса бай жандардың бірі - Билл Гейтс. Кез келген адамнан Microsoft деп сұрасаң, жоқ жәй ғана компьютер десең осы кісіні айтады. Менің ойымша, бұл кісінің техника тарихында еңбегі орасан зор деп ойлаймын.

Жалпы, "Билл Гейтстің болашаққа бастар жолы деген не?" деп түсінбей отырған боларсыздар? Ендеше, мен бұл сұраққа жауап берейін. Бұл - кітап. Кітап болғанда жәй ғана оқу құралы емес, тұтастай ақпарат ғасырының дамуы жайлы, ондағы қиындықтар, сондай-ақ өздеріңіз бүгінде қолданып жүрген Apple өнімдері, алғашқы баспа құралдары туралы жазылған оқулық. Бұнда сонымен қатар, тек аталған дүниелер ғана емес, Билл өзінің Microsoft-ты қалай жасағанын, өмірімен байланыстыра отырып баяндайды. Ал енді, кітаптың өзіне көшсек.

Адамзаттың дамуы тарихында компьютерлер қалай ерекше рөл атқарса, Билл Гейтсте есептеуіш машиналардың дамуына айтарлықтай күш салды. Жиырмасыншы ғасырдың өзінде-ақ әр америкалықтың үйінде бір Microsoft өнімі болған. Ол болашақта ақпараттың қарыштап дамитын кезеңі болатынын болжай отыра, Internet пен компьютер индустриясын да тілге тиек етеді.

Microsoft-тың алғашқы қолданушысы қай ел болған деген сауал сіздерге қызық шығар? Оны америкалық азаматтар жасаса да, әуелгі пайдаланушылар жапондықтар болғанын біреу білсе, біреу біле бермейді. Кезінде бұқаралық ақпарат құралдары есептеуіш техника анау айтқандай дамымай тұрған уақытта, бұл салаға аса назар аудармап еді. Қазіргі таңда БАҚ-тың ең бір таусылмайтын тақырыбына айналды.

Көпшілік адамның интеллектісіндей болатын компьютер шығатынына күмәнданып еді, бүгінде бұл есептеуіш техника көптеген жұмысты жеңілдетуде. Қазіргі күнде оның 120 миллионнан астам ақша айналымы бар. Ғаламшардың жартысынан астамы - осы техникалардың тұтынушысы. Бұл өте таңғаларлық көрсеткіш деп білемін.

Билл Гейтстің жалпы әлемнің даму тарихында әрі ақпарат магистралінда, ақпарат ғасырында, революцияда алатын орны бөлек. «Еңбегіне қарай өңбегі» дегендей, оның төккен тері өзіне ғана емес, бүгінде бүкіл әлемге әсер етуде, бұл революция адамзатты дүр сілкіндірді десе болады. Дәл осылай дүниежүзін өзгерту қиын деп ойлаймын, бірақ Билл Гейтстің қолынан келді, бұлай істеу мықтылардың, білімділердің қолынан келеді деп ойлаймын. Бұл нәтиже тек білімнің ғана күшімен емес, табандылықтың, еңбекті, төзімділіктің жемісі. Сол сияқты әлемге енді жаңа өзгертулер енгізу, оны көркейту енді біздің, яғни жастардың қолында.


0 Пікір Кіру