Жоғалтып алма досыңды - на weekend.bugin.kz
Бибіт Нұрмұхан - на weekend.bugin.kz Бибіт Нұрмұхан

Өлең

Дос ұғымын ұғынып көр сырласым,

Досың болса.

Сонда ғана қымбатсың.

Атақпенен мұрын шүйіріп жүргенде,

Достарыңды жоғалтып алма құрдасым.


Ақыл айттың,

Керек емес ақылың.

Өз жолымды, өзім құрап алғанмын,

Десең-дағы ренжімеймін жолдасым.

Менен айту,

Тек ескерту парызым.

Құптайсың ба?

Мейлі маған құптама.

Ең бастысы,

Адал болған жандарды.

Жоғалтып алма,

Жоғалтып алма достарды.

0 Пікір Кіру