Алматыда канадалық қылқалам шеберiнiң көрмесi ашылды - на weekend.bugin.kz
Гаухар Бердiбек - на weekend.bugin.kz Гаухар Бердiбек

Өнер – ізгілік жолында

Алматыда заманауи кана­далық қылқалам шебері Майкл Клоуздың «Өнер – ізгілік жолында» деп аталған сурет көрмесі ашылды. Ә.Қас­теев атындағы өнер музейінің қабыр­ға­сында Клоуз – халықаралық арт-қауымдастықта мойын­дал­ған шебер. Жалпы алғанда, ол АҚШ, Бельгия, Италия, Бол­гария, Франция, Германия, Түркия, Мысыр, Исландия, Румыния, Македония, Ресей және тағы басқа түрлі елдерде 130 жеке көркемсурет көрме­сін өткізген.

Майклдың басқа өнер ие­леріне ұқсамайтын бір ерек­­шелігі бар. Әлемнің әр қиы­рында өзінің сурет көрме­лерін үзбей өткізетін ол туындыларын көрмені тамашалауға келген көңілі ауған адамға немесе музей ұжымына тегін сыйға тартады. «Өнер – ізгілік жолында» деп аталатын бұл жоба да автордың сол дәстүрлі көрмелерінің кезекті жалғасы. Оның басты идеясы – өнер ешқандай қалыпқа сыймайтын, елдер мен адамдарды геосаяси жағдайына немесе ұлтына қарамастан біріктіре алатын қуатты күш екенін көр­сету. Шығармашылық пен кәсіби қызығушылықтың сан түрлі векторын қатар ұстаған суретші визуалдық өнерден бөлек, дизайн, сценография­мен де айналысады, театр, ки­но және телевидениедегі жұмыстарға да, актерлік ше­берлікке де араласады. Автор өзінің бір сұхбатында қызмет-әрекеттің әрбір түрі бірін-бірі толықтырып, жарқырата тү­суге жол ашатынына көз жет­кізгенін жазған.

Майкл Клоуздың авторлық тәсілі қарапайым суреттер мен образға көшірілген ықшам­дылықты тудыратын түстік экспрессияны, декоративтік стиль­деу мен жалпылауды біріктіреді. Барлық композициялар адам табиғатын зерттеуге және көркемдік тәсілдер арқылы ізгілік келбетін іздеуге бағытталған.

– Клоуз өз шығармашы­лығында ештеңе араласпаған таза түстер мен контрасты сұл­баларға негізделген өзіне тән стиль қалыптастырды. Жыл­­жымалы икемді сызықтар – басты кейіпкері адам, бі­рінші кезекте әйел болып ке­летін композицияларды құ­рудың басты құралы. Әйел­дің дидары – сезімтал, ойлы да сұлу, үйлесімді әрі өз ке­мел­­дігін байқағыш. Майкл Клоуз ата-анасы Канадаға эми­грацияға келгеннен кейін, 1954 жылы Торонтода дүние­ге келді. Майклдың өнерге деген құштарлығы бала ке­зінен байқалды. 1977 жылы Онта­риодағы өнер колледжін бітіріп, Райерсондағы политех­никалық университеттің интерьер дизайны мамандығы бо­йын­ша білім алған ол әлемдік өнерде өз жолын қалып­тас­тырған суретші, – дейді му­зейдің баспасөз қызметінің жетекшісі Клара Исабаева.

Соңғы жылдары әлем ел­деріне саяхаттауды өмірлік дағ­дысына айналдырған танымал туындыгер көрме аяқ­талуға жақын күндері өзінің зайыбымен бірге Қазақстанға келуді жоспарлап отырғанын жеткізген.

0 Пікір Кіру