Жеті миллиард – бір бүтін ел: 5 қазан Q-FEST музыкалық фестивалі өтеді - на weekend.bugin.kz
Bugin.kz - на weekend.bugin.kz Bugin.kz

Q-FEST шарасы аясында төрт акция ұйымдастырылады

Бүгін Жас Отан ғимаратында «Жеті миллиард – бір бүтін ел» ұранымен Q-FEST музыкалық фестивалінің пресс-конференциясы өтті. Шараға «Ninety one» тобының продюсері Ерболат Беделхан, , “Madmen” тобының продюсері  Руслан Хван, "EQ" және "Youngsters" тобының продюсері Динара Усенова қатысты. Пресс-конференцияда  Q-pop бағытындағы Entertainmentтер арасында құрылатын Ассоциация жайында сөз қозғалды.  

Шара барысында q-pop жанрындағы топтардың бірігуімен Ассоциация құру мәселесі көтерілді. Ассоциацияның құрылуына себепші болып отырған  q-pop продюсерлер бірлестігі. Ассоциация президенті Ерболат Беделхан болып сайланды. Ассосацияның негізгі мақсаты қазақ қоғамында  q-pop жанрындағы музыкалық бағытты дамыта отырып, қазақ қоғамының жүйесіне сай негіздеу. Шара барысында продюсерлерге журналистер тарапынан бірнеше сұрақ қойылып, өзара пікір алмасты.

5 қазан Q-FEST музыкалық фестивалі Қазақстанда, нақтырақ айтқанда Алматыда "Жас Отан" ЖҚ-ның қолдауымен екінші рет ұйымдастырылады. Ерболат Беделхан бұл жолы ұйымдастырылатын музыкалық фестивальдің ерекше өтетініне және жанкүйерлер тарапынан түрлі ұсыныстар түсіп жатқандығын алға тартты.

Q-FEST шарасы аясында төрт акция ұйымдастырылады. Соның бірі жексенбіде жұлдыздар арасында футбол турнирі өтеді. 

Сонымен қатар қыркүйек айында "Жас Отандықтар" арасында, Ninety one тобының қатысуымен сенбілік өтеді.

Пресс-конференцияда Ерболат Беделхан шараның барысына ерекше мән беріп жатқанын және түрлі ерекшеліктер болатынын тіліне тиек етті. Q-FEST фестивалінде болатын ерекшеліктер мен тосын сыйларды сол күні жариялайтынын айтып, құпия ұстауды жөн көрді. Ал жаңадан тұсауы кесілген ассоциацияға  q-pop жанрына қызығушылық білдірген кез келген адам арнайы талаптарға сай болса, қосыла алатынын жеткізді. 

0 Пікір Кіру