Ақан Сатаевтың «Томирис» тарихи блокбастері прокатқа жол тартты - на weekend.bugin.kz
patick - на weekend.bugin.kz patick

Бұл Қазақстан киносы тарихындағы ең ірі жобалардың бірі

27 қыркүйектен бастап Ақан Сатаевтың "Томирис" кинокартинасы Қазақстанның кинотеатрларына шықты. 

Тарихи картинада Еуразия даласында мекен еткен сақ тайпалары туралы айтылады. Спаргап патша сақтардың басын біріктіруді ойлайды. Алайда кейбір тайпа көсемдерінің қастығы оның ойын іске асыруға кедергі болады. Ақырында Спаргап сондай қастандықтың құрбаны болады. Жетім қалған оның қызы Томирис (Тұмар) орманда жасырынып, әкесіне адал қызмет еткен адамдардың арқасында аман қалады. Қыз өскен соң тақты өзіне қайтарып, әкесінің ісін жалғастыруды көздейді. Бірақ жаужүрек Томиристі тайпааралық текетірестен де қауіпті жаумен шайқас күтіп тұр еді.

Тұмар патшайымның ересек шағын Альмира Тұрсын есімді актриса ойнайды. Бұл оның кинодағы дебюті. Одан бөлек Әділ Ахметов, Берік Айтжанов, Асылхан Төлепов, Азамат Сатыбалды, Еркебұлан Дайыров, Айжан Лайджи секілді белгілі актерлер қатысты. Сонымен қатар Кир патшаны Гассан Массуд есімді Голливудта жұмыс істеген актер бар. Ол Ридли Скоттың "Аспан патшалығы" және "Көш: Құдайлар мен патшалар", Гор Вербинскидің "Кариб теңізінің қарақшылары: Жердің қиырында" блокбастерлеріне түсті.

Фильмнің өндірісімен ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша "Сатайфильм" және "Қазақфильм" студиялары айналысты. Жобаға Әлия Назарбаева продюсер болды және Тимур Жақсылықовпен бірге сценарий жазуға атсалысты.

0 Пікір Кіру