Үндістан премьері Гейсттің қолынан награда алды - на weekend.bugin.kz
Plumeria - на weekend.bugin.kz Plumeria

Тазалық үшін

Елдің санитариялық тазалыққа қол жетімділігін қамтамасыз еткені үшін Үндістанның премьер-министрі Нарендра Модиге Гейтс сыйлығы берілді.

Оны Майкрософт корпорациясының негізін қалаушы Гейтстің өзі табыстады.

- Махатма Гандидің тазалық туралы арманы орындалуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметі бойынша, «Таза Үндістан» науқаны 300 мың адамды аурудан құтқарды. Бұрын әлемде мұндай нәрсе болған емес, - деді Моди марапаттау рәсімінде.

Моди басқарған Үндістан үкіметі 2014 жылы «Таза Үндістан» акциясын бастап, Махатма Гандидің 150 жылдық мерейтойын атап өткенге дейін, яғни 2019 жылдың 2 қазанына дейін елдегі қоқыстарды тазалауды мақсат еткен еді.


0 Пікір Кіру