Елестер салған үй - на weekend.bugin.kz
Гүлмира - на weekend.bugin.kz Гүлмира

Қорқынышты фильм

"Ел аузында көзіңе елес көрінді ме?" деген секілді сөз тіркесін көп қолданатын адамдар жетерлік. Дегенмен олардың елес деп отырғаны - көзге көрінбес қорқынышты дүние. Және де кейбіреулер пікірі бойынша ондай дүние мүлдем жоқ. Фрэнсис Бэкон болса, елес деп адамның танымдық мүмкіндерін шектейтін қате пікірлерді, ұғымдарды, біреулердің беделіне табынуды айтады екен. Шын мәнісіне келер болсақ, елестер өмірде бола ма?! 


Әлеуметтік желідегі түрлі сауалнамалар бойынша елес болады. Тіпті, сауалнама қатысушыларының бір бөлігі оны көргенін растайды. Сірә, сіздер елестер салған үй жайлы ешнәрсе естімеген боларсыздар. Немесе бұл жәй ғана киноның аты деп мән берген шығарсыздар. Бұл оқиға шын мәнінде өмірде болған. Сыбыстарға сәйкес, күйеуі қайтыс болғаннан кейін, Сара Бостонда Алан Коунс есімді бір ортадағы аудиторияда болған екен. Және де сол жерде күйеуінің рухымен сөйлескен. Марқұмның рухы отбасына қарғыс тигенін айтады. 

Арадан біраз уақыт өткен сон Сараның жалғыз қызы қайтыс болады. Бұдан әрі қиындықтан құтылу үшін жесір әйел үй тұрғызуым керек деп шешеді. Өзге деректерге сүйенсек, бұл үй өлгендердің елестері үшін баспана ретінде салынған. Өте ауқатты әйел болғандықтан, жесір әйел өзінің бірнеше миллион долларлық байлығын үйді қалпына келтіруге жұмсады.  Алайда ол үйді өз жоспарына сәйкес өзгертіп, мамандардың көмегіне жүгінбейді. 

Үй жеті қабатқа жетті, бірақ 1906 жылғы жер сілкінісінен кейін жоғарғы үш қабат құлап қалады. Алайда үй иесі жұмысын жалғастырды, үй төрт қабатты болған. Ол бүгінгі күнге дейін сақталып келеді. Сараның барлық қаражаты құрылысқа жұмсалды. Ол 1922 жылы 5 қыркүйекте қайтыс болғаннан кейін сейфтен марқұм қызы мен күйеуінің шаштары ғана табылды. Винчестер үйі қорқынышты жер болып саналады. Себебі рухтар әлі де бұл мекеннен кетпеген деген сенім бар (рухтар бұл сарайды әлі де аралап жүреді деген мағынада). 

Оқиғаның басты кейіпкері - «Винчестер» компаниясының 50% акциясын емденіп қалған Сара Уинчестор. «Винчестер» қару-жарақ компаниясының заңгерлері фабрика иесі Сараның психикалық жағдайын тексеру үшін психиатрға жүгінеді. Өйткені компания  басшылығы жесірдің ақыл-есі дұрыстығына күмән туғыза бастаған. 

Ең қызығы, бай әйел тұрып жатқан зәулім сарайда құрылыс ешқашан тоқтаған емес. Сара өз отбасы қарғысқа ұшырағанына сеніп, аруақтарды шатастыру үшін дәліздер салуды ұйғарған. Бұл жағдаят 1922 жылыға дейін АҚШ-тың Калифорния штатында болған. Оған қоса, 7 қабатты үйдің 100-ге жуық бөлмесінде елестер мекендеген. Сондықтанда кино "Елестер салған үй" деп аталды. Одан басқа да себептерді киноны көру барысында түсінесіздер. 

Қорытындылай келе, елестердің бар екеніне сенуімізге тура келеді. Оған қоса елестер салған үй бұл сөзімізге дәлл бола алады.


0 Пікір Кіру