Әкесі алты сағат бойы баласының өмірі үшін күрескен - на weekend.bugin.kz
Мирас - на weekend.bugin.kz Мирас

Баласы үшін ата-ана бәріне дайын

Оқиға Австралияның Квинсленд штатында болған. Қайығы аударылып қалған ер адам алты сағат бойы ұлын судың үстінде ұстап тұруға мәжбүр болған, деп жазады Daily Mail.

39 жастағы Мэйк Хонен ұлымен және досымен бірге маусым айының басында суға балық аулауға шығып кеткен екен. Кенеттен дауыл тұрып, қайықтары аударылып қалады. Жағадан 15 шақырым жерде суда қалған Мэйктің қолында не құтқару кеудешесі де болмаған. 

Ал жеті жастағы ұлы суға батып кетпес үшін кезекпе-кезек ұстап тұрған екен. Бірақ сонда да суық судан қалтырап қалған кішкентай ұлы есінен танып, тұншыға бастаған көрінеді. 

- Ұлымның нашар жағдайын көріп, шошып кеттім. Бірақ онымен сөйлесуді тоқтатпадым, - деді Мэйк.

Құтқарушылар зардап шеккендерді алты сағаттан кейін тапқан. Оларды ауруханаға жеткізу үшін Джулианаға жүрек-өкпе реанимациясын жүргізіп, оны жасанды комаға енгізген.

Алғашында дәрігер баланы мүгедек болып қалады деп жорамал жасаған екен. Алайда ертеңінде есін жинаған баланың денсаулығы жақсы болып шыққан. 

0 Пікір Кіру