Бозбала дәурен - на weekend.bugin.kz
Бибіт Нұрмұхан - на weekend.bugin.kz Бибіт Нұрмұхан

Өлең

Қамыққан сәтте,

зарыққан сәтте,

ойладым сені сағынып.

Буалдыр сағымға,

тұншығып барып,

сабылып.

Түсіме кірсең,

мәз болдым соған,

балаша.

Өңімде көрсем,

жаныңа баруға жасқанып.

Жүрек тулап жатса да,

тыңдамай оны тоқтатып.

Көрінбесең,

сені іздеп.

Аймен…

Жұлдызбен…

Түнмен сырласып.

Боз бала кезім,

қызығы мол дәуренім.

Отырмын енді,

оралғым келіп,

өткенге бір сәт мән беріп…

0 Пікір Кіру