Жаз да кетті... - на weekend.bugin.kz
Бибіт Нұрмұхан - на weekend.bugin.kz Бибіт Нұрмұхан

Өлең

Жаз да кетті,

Біздер менен қоштасып.

Жарықтық-ау, жаңылды ма?

Келесі жылы қайта келерін,

Ораларын, ұмытып.


Қимай кетті,

Қабақ шытып, қарауытып,

Күздің ерте келгенін,

Ұнатпады.

Амал нешік,

Көнеді жазылғанға.

Бұйрық солай келгені,

Орындады.

Орындамасқа шара бар ма?!


Біздерше,

Орындадық па бұйрықты.

Парыз еткен дүниені,

Тәрік еткелі,

Не өзгерді?

Еш өзгеріс болмады.

Адалдықтың ала жібін,

Қанша адам аттады.

Қанша адам,

Ақ парақтай таза болған,

Сенімдерді таптады…

0 Пікір Кіру