Қайырымдылық жасап, байқауға қатысыңыз!  - на weekend.bugin.kz
Askhat Shotayev - на weekend.bugin.kz Askhat Shotayev

Тұңғыш Президент қоры ұйымдастырып отырған дәстүрлі Республикалық "Қайырымдылық керуені" байқауы басталды

Түркістан облысы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығының мәжіліс залында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы өтті. Онда Тұңғыш Президент қоры ұйымдастырып отырған дәстүрлі Республикалық "Қайырымдылық керуені" байқауының ережелері мен шарттары түсіндірілді. Спикерлер Түркістан облысы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы - Инара Намазбаева мен төрайым орынбасары - Шолпан Бегалиева байқауға қатысты ақпараттар берді. 

Айта кеткен жөн, 2019 жылдың 2 қыркүйегінен бастап «Қайырымдылық керуені» ІІ Республикалық конкурсына өтінімдер қабылдау басталып кеткен. Конкурстың ұйымдастырушылары: ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры, Қазақстанның Іскер Әйелдер Қауымдастығы, «Хабар агенттігі» АҚ, Республикалық «КТК» телеарнасы және «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені.

Конференцияда Инара Намазбаеваның айтуынша,  «Былтыр бастау алған бұл конкурс арқылы Елбасы Қоры адамгершілік құндылықтарды, қайырымдылық және  мейірімділікті кеңінен насихаттайды. Біз жүрегі кең азаматтарымызды, бүгінгі күннің нағыз батырларын халыққа көрсетіп, таныстырғымыз келеді". 

Баспасөз конференция барысында конкурсқа қатысу ережелері нақтыланды. Оған әлеуметтік мәселелерді шешуге үлес қосып жүрген, өздерінің игі істерімен басқаларды ынталандыратын жеке және заңды тұлғалар қатыса алады. Қайырымдылық қызметін мемлекеттік қолдаумен (мемлекеттік грант, мемлекеттік тапсырыс және т.б.) іске асыратын кәсіпкерлік субъектілер және жеке тұлғалар конкурсқа қатыса алмайды. Конкурстың жеңімпаздары 2020 жылғы ақпан айының соңында – Алғыс айту күні қарсаңында анықталады. «Қайырымдылық керуенінің» жеңімпаздары бес номинация бойынша анықталады: «Асар» (қайырымдылық қызметі халықтық салт-дәстүрлермен байланысты болу керек), «Туған жер» (туған жерге білім, экология және абаттандыру салаларында, мәдени нысандарды қалпына келтіру және т. б. саласында көмек көрсеткендерге), «Батыл жүрек» (ерлік, қайсарлық танытқан адамдарға), «Мейірім жолында» (өз еркімен, өз қаражатына адамдарға көмек көрсеткен жеке және жаңды тұлғаларға), «Қайырмалық Тарихы» (қоғамның назарын әлеуметтік проблемаларға аударатын материалдарды ұсынатын, БАҚ-та қайырымдылық тақырыптарын үздік жариялаған журналистерге немесе шығармашылық топтарға беріледі).

I «Қайырымдылық керуені» конкурсының қорытындысы бойынша Түркістан қаласынан екі үміткер қатысушыға өтініш білдіріп, іріктеуден өтіп, арнайы "Алғыс хатқа"  ие болған еді. Олар "Мейірімілік жолында" номинациясы бойынша Шынар Омарова мен " Қайырымдылық тарихы" номинациясына құжат тапсырған Ақмарал Ғаниқызы. Журналистер бас қосқан жиында биылғы байқауға жаны жомарт, жүрегі кең азаматтарды қатысуға шақырды.

0 Пікір Кіру