Сиыр тепкен әжей қайтыс болды - на weekend.bugin.kz
Әйгерім - на weekend.bugin.kz Әйгерім

Бұл оқиға Англияда орын алған

"Галловей" тұқымды сиырлардың мінезі, әдетте, тыныш. Адамға қауіп төндіретін жануар емес. Алайда Ұлыбританияның Батыс Сассекс аймағында болған жағдай көптің есінде қалары сөзсіз. 

Үй маңында жайылып жүрген сиырлардың бір тобы 87 жастағы әжейді таптап екен. Туыстары оны ауруханаға жеткізгенімен, бәрібір есін жия алмады. Ал оқиғаның өзі 7 қаңтар күні болған екен. 

Бұл оқиғаға қатысты тергеу амалдары жасалып, қорытындысы енді ғана жарияланды. Полицейлер мұны жазатайым жағдайы деп бағалаған.

Алайда үй иелерінің айтуынша, бұл сиырлар әжейді таптап кеткестен бір күн бұрын қора маңындағы иттерге, малдың иелеріне қарай жүгірген көрінеді. Айтуларынша, олар да жарақат алған. Алайда полиция қызметкерлері бұған мән бермеген.  


0 Пікір Кіру