Киелі мекен - Ғайып Ерен Қырық Шілтен  - на weekend.bugin.kz
Өтебаева Ұлжалғас - на weekend.bugin.kz Өтебаева Ұлжалғас

Ғайып болған қырық ер

Қазығұрт баурайының киелі деп саналатын орындарының бірі - Ғайып Ерен Қырық Шілтен. Ол жерде 15 метрге ие, екі үлкен жартас орналасқан. Екі жартастың жарғабақтан түсу арқылы адам өтетін жол пайда болған. 

Екі тастың арасы, шамамен, 20-30 cм құрайды. Пейілі таза адамдар еш қиналмай өтеді дейді сондағы жұрт. Шындығы қалай екенін бір Құдай біледі. Бірақ арық адам өте алмай қалып, толық адам қиналмай өтіп кеткен сәттерде болған.  

Дертке шалдыққан адамдар ауруынан айығып мақсат-мұраттарына жеткен деген мәлімметер бар. Құдіретке толы тылсым жер туралы аңыздарда көп. 

Кей аңызға сүйенсек, ол арабтың ғұламасы әл-Газалимен тікелей байланысты. Әл-Газали Үндістаннан араб елдеріне білім іздеп шыққан сәтте, ол мінген керуенге қырық қарақшы жолығып, ақша талап етіпті. Жолаушылар бар қаржысын жасырып бақса, әл-Газали анасы берген тиынның бәрін қарақшыларға санап беріпті. Баланың бұл ісіне таңырқаған қарақшылар себебін сұрағанда, әл-Газали анасының «Құдайдан қорық, адам баласына қиянат жасама, өтірік айтпа, адалдан мал тап» деген ақылын айтыпты. Қарақшылар баланың тегін емес екенін байқап, тартып алған ақшасын қайтарып беріп, бата сұрайды. Батадан соң, қарақшылар құсқа айналып, жоғарыға ұшып кетіпті. 

Содан бастап ол жер  «Ғайып ерен қырық шілтен» деп аталыпты. Оларға Алла тағала тарапынан қиын-қыстау жағдайға ұшыраған мұсылмандарға көмектесу міндеті тапсырылған сынды. Естіп білгеніңіз болса бөлісе отырыңыз...


0 Пікір Кіру