Семей қаласының №20 мектебінде педагогикалық- психологиялық түзету орталығы ашылды - на weekend.bugin.kz
Bugin.kz - на weekend.bugin.kz Bugin.kz

Бұл жерде психологиялық дамуы тежелген балалар

Бұл балалар сабақтарға қатысып, іс-шараларда белсенділік танытады.

Ресурстық орталық  мемлекет және үкіметтік емес секторлардың серіктестігімен ашылды. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар бұл іске жоғары қызығушылық танытып,  арнайы орын дайындап берген. Ал, "Дара" Қоры қолдауымен бөлінген жердің ішкі бейімдеу жұмыстары жүргізіліп,қажет жабдықпен жабдықталған.

Бұл мектеп қала бойынша инклюзвті білім беруді  бірінші болып енгізген. 2013 жылы мұнда тұңғыш түзету сыныбы ашылған. Қазір  бірінші-тоғызыншы сынып аралығында екі баладан оқиды. Ал, өзге оқушылар бұл балаларға көңіл бөліп, әрдайым көмектесуге әзір екендіктерін білдірді.

Мектеп директоры Розалина Рахимованың айтуынша, бұл тек балаларды жақындастырып, сенімділік береді. Бастысы шынайы қолдау мен көмек білдіру керек.

- Ресурстық орталығында көмекті балалар ғана емес,ата-аналар да ала алады. Мұнда дефектолог, психолог, логопед мамандары жұмыс істейді. Жиналған көп әдістемелік материалдар бар. Арнайы білікті мамандар  ата-аналарға қажетті өмірлік дағдылар туралы түсінік береді, - дейді Розалина Бейсенқызы.

Ресурстық орталықтағы инклюзивті білім беру-бұл  баланың білім алуына, ортаға бейімделуіне зор ықпал етеді.  Егер қажет болса, бала жеке ұстазбен оқу бағдарламаларын пысықтай алады. Ұстаздар ата-аналармен бірігіп, баланың жағдайын бірге жасайтын болады.

0 Пікір Кіру