Трамп Ақ үйде Цукербергпен «жағымды кездесу» өткізгенін мәлімдеді - на weekend.bugin.kz
Plumeria - на weekend.bugin.kz Plumeria

Монополияға қарсы тергеу шеңберінде, Facebook, Google, Apple және Amazon компанияларының басшыларына қатысты мәліметтер жіберу туралы сұраныс келіп түсті

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде Facebook директоры Марк Цукербергпен жағымды кездесу өткізгенін айтты.

Бейсенбіде Цукерберг АҚШ Конгресінде жабық кездесу өткізген еді.

Бұған дейін АҚШ конгресінің өкілдері палатасының Заң комитеті монополияға қарсы тергеу шеңберінде, АҚШ-тың төрт ірі технологиялық компаниясы басшыларының құжаттары мен қарым-қатынасы жазбаларын сұраған болатын. 

Заң комитетінің сұранысы Facebook, Google, Apple және Amazon компанияларына жіберілді. Компаниялар мәліметтерді, оның ішінде басшылықтың электрондық хабарламалары мен телефон сөйлесулерінің жазбаларын 2019 жылдың 14 қазанынан кешіктірмей ұсынулары қажет.

Ақпарат беруді қажет ететін негізгі басқарушылар қатарына Google негізін қалаушылар Сергей Брин, Ларри Пейдж, Эрик Шмидт, Facebook басшысы Марк Цукерберг, Apple компаниясының бас директоры Тим Кук және Amazon компаниясының басшысы Джефф Безос кіреді.


0 Пікір Кіру