Ғалымдар о дүниеде не болатынын айтты - на weekend.bugin.kz
Ақмарал Берекет - на weekend.bugin.kz Ақмарал Берекет

Клиникалық өлімді басынан өткізген пациенттер

Екі жыл бұрын белгиялық Льежский университетінің мамандары клиникалық өлімді басынан өткізген 150 пациенттің жазбаша түсіндірмесін зерттеді.

Барлығы дерлік үш сезімді сипаттаған. Олар: тыныштық, ұзын тоннелдің ішіндегі саяхат, соңындағы жарық түс. Кейбір пациенттер тәндерін тастап, періштелер мен духтарды көргендерін айтты.

Бірақ сезімдердің реттілігі пациенттерде сәйкес келмеген. Олардың тек 20%-ы ғана, ең алдымен, тәннен шыққанын, кейін ұзын дәлізбен қозғалып, соңында жарықты көргенін растады. Белгиялық ғалымдар клиникалық өлім алдындағы тәжірибе әркімде әртүрлі болғандықтан, барлығының бірдей сәйкес келмегендігін ескертті.


Бұл ақпарат арқылы мамандар жүрек жұмысын тоқтатса да, ми жұмысының жалғаса беретінін, жадтың сақталатынын айтқысы келді. Америкалық зерттеушілердің ойынша, ми жүрекпен бірге өлмейді, керісінше, екі есе тез жұмыс жасай бастайды. Сол себепті де пациенттерде галлюцинация мен белгілі бір сезімдер болады. 




0 Пікір Кіру