Тамақтануға арналған қытай таяқшалары жайлы аңыз - на weekend.bugin.kz
Мереке Зейноллақызы - на weekend.bugin.kz Мереке Зейноллақызы

Өзіміз қолданып жүрген заттардың тарихы

Қытай лапшаса, «суши» тағысын тағылар. Қазақта қолмен жеп үйренген әдетті, қытайдың екі тал таяғымен жеу жастар арасында сәнге айналып барады. Дегенмен осы таяқшалар қайдан, қашан және кім ойлап тапқанын біліп жатқан адам аз.

Қызығушылығым оянып, тарих беттерін ақтардым. Сан ғасырлық тарихы бар бұл таяқшалар туралы аңыздар өте көп. Дегенмен сіздерге ең таңдаулы деген үш нұсқасын ұсынғалы отырмын.

Бірінші аңыз кеңесші Цзян Цзы есімімен байланысты. Ол б.з.б. XI ғасырда Шан династиясы тұсында өмір сүрген. Аңыз бойынша кеңесші түскі асын күтіп отырған кезде бір құс ұшып келіп, бамбук ағаштарына қарай нұсқайды екен. Цзян Цзы сол таяқшаларды алып, енді тамағын ала бергенде ағаш түтіндеп, күйе бастапты. Оның себебі - әйелінің күйеуін уландырғасы келген арам ойы екен.

Келесі аңыз Да Цзи есімді көркіне көз тоймайтын қатыгез бойжеткеннің атымен байланысты. Ол Шан династиясы тұсында өмір сүрген екен. Қылықты ару өз императорының көңілін аулау үшін, түскі асын өзінің шашындағы сәнді таяқшалар көмегімен ерекше назданып беретін көрінеді.

Үшінші аңыз Ұлы Юй қолбасшының уақыт үнемдеу мақсатындағы ойлап тапқан дүниесімен байланысты көрінеді. Қолбасшы жауынгерлерімен елін су тасқынынан қорғау үшін, түрлі ауыр жұмыстар атқарған екен. Сол тұста ыстық тағамды қасықпен алып, суығанын күткенше, ағаш таяқшалармен уақытты үнемдеуге болатынын аңғарыпты.

Қазір біздер қолданып жүрген ағаш таяқшалардың осындай терең тамырлы тарихы бар көрінеді.


0 Пікір Кіру