Өз-өзіне қол жұмсаған: Министр Жанар Хамитованың өліміне байланысты түсініктеме берді - на weekend.bugin.kz
Bugin.kz - на weekend.bugin.kz Bugin.kz

Ішкі істер министрлігінің басшысы әншінің өз-өзіне қол жұмсағанын растады

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев "Арнау" тобының экс-әншісі Жанар Хамитованың қазасына қатысты түсініктеме берді.

"Барлығыңызға мәлім, ол жерде өз-өзіне қол жұмсау фактісі болған. Қазір Қарағанды облысында қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр", - деді Тұрғымбаев үкімет кулуарында.

"Арнау" тобының экс-әншісі Жанар Хамитова 16 қыркүйекте көз жұмды. Белгілі болғандай, әнші таңғы тоғыздар шамасында Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы туған ауылында қаза болған.

Қарағанды облысының полиция департаменті бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 105 бабы 1-тармағы (Жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін немесе өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу) бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

sputniknews.kz

0 Пікір Кіру