Саябақта... - на weekend.bugin.kz
Бибіт Нұрмұхан - на weekend.bugin.kz Бибіт Нұрмұхан

Өлең

Қал сұрасып 

Қалжыңдасып!

Отыр екі дария қарт.

Жас кезінен,

Бір-бірне сыр тарқасып.


...Студенттік бал көңіл ыстығымен,

Топ боп ұл менен қыз,

Бара жатыр.

Тар жолмен итерісіп,

Ойын қуып,

Желігіп жас күнінен.


...Орындыққа жайғасты,

Қыз бен жігіт.

Сезімдері,

Бір-бірне алып ұшып.

Көздері жанған оттай,

Күн нұрына шағылысып.


...Мен отырмын,

Ой сабалап.

Жырымнан ұзын сойыл,

Қамшы жасап.

Өмірдің ғажаптығын,

Бейқам оймен тамашалап.

0 Пікір Кіру