Alibaba-ның негізін қалаушысы отставкаға кетті - на weekend.bugin.kz
Мирас - на weekend.bugin.kz Мирас

Джек Ма енді не істейді?

Қытайдың ең бай кәсіпкері, Alibaba компаниясының негізін қалаушы Джек Ма бизнес басшылығынан бас тарту жоспары туралы хабарланғаннан кейін бір жыл өткен соң, Директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен ресми түрде отставкаға кетті. Оның орнын компанияның бас директоры Дэниел Чжан алады, деп хабарлайды CNBC.

Бүгін Джек Ма 55 жасқа толды. 2019 жылы Forbes оның жағдайын 38,6 миллиард долларға бағалайды, соның арқасында ол әлемнің ең бай адамдарының рейтингісінде 21-ші орынды алады.

Alibaba компаниясы 1999 жылы құрылған. Қазіргі уақытта ол электрондық коммерция және сандық төлемдер бойынша әлемдегі ең ірі компания болып отыр.

0 Пікір Кіру