Геннадий Головкин жерлестеріне үндеу жолдады - на weekend.bugin.kz
Bugin.kz - на weekend.bugin.kz Bugin.kz

Танымал боксшы жерлестеріне рух берді

Танымал боксшы Геннадий Головкин қазақстандық боксшыларға сәттілік тіледі.

Биыл қазақстандық былғары қолғап шеберлері Ресейдің Екатеринбург қаласында өтетін бокстан әлем чемпионатына қатысады. Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин жерлестеріне сәттілік тіледі.

"Екатеринбургте өтетін әлем чемпионатында қазақстандық боксшыларға сәттілік тілеймін! Алға, жігіттер!", - деп жазды Геннадий Головкин Twitter-дегі жеке парақшасында.

Айта кетейік, қазақстандық боксшылар әлем чемпионатында 10 қыркүйек күні шаршы алаңға шығады. Жеребе тарту рәсімінде олардың бірінші қарсыластары анықталды. 91 келіге дейін Василий Левит – моңғолиялық немесе словакиялық боксшымен жұдырықтасады. Команда капитаны Қамшыбек Қоңқабаев  Гадфа Дрисси (Испания) / Петар Белберов (Болгария) кездесуінің жеңімпазымен бокстасады.

sputniknews.kz

0 Пікір Кіру