«Қап-қара адам» фильмі не жайында? - на weekend.bugin.kz
patick - на weekend.bugin.kz patick

Әділхан Ержанов қазақ қоғамындағы проблеманы сөз етеді

Қазақстандық авторлық киноның жарқын өкілі Әділхан Ержанов жаңа картинасын ұсынады. «Қап-қара адам» (орысша - «Черный-черный человек», ағылшынша - «A Dark-Dark Man») драмасында режиссер әдеттегідей біздің қоғамдағы өзекті проблеманы сөз етеді.

Сюжеті бір ауылда өрбиді. Тергеуші Бекзат бала өліміне қатысты істі тез арада жапқысы келеді, себебі кінәліні жергілікті полицейлер тауып қойған. Бірақ іс насырға шабады - қаладан журналист келіп осы іске араласады. Тергеуші өмірінде алғаш рет істі ережеге сай жүргізбекші.

Картинаны жасауға қазақстандық Short Brothers және Astana Film Fund компаниялары мен Францияның Arizona Productions компаниясы қатысқан. Фильмде басты рөлдерде Данияр Алшынов пен Динара Бақтыбаева ойнайды. Белгілі кинематографшы Ақан Сатаев бас продюсер міндетін атқарды. Композиторы – танымал музыкант Ғалымжан Молданазар.

«Қап-қара адамның» әлемдік премьерасы биыл 20-28 қыркүйек аралығында өтетін Сан-Себастьяндағы халықаралық кинофестиваль аясында өтеді. Фильм осы фестивальдің конкурстық бағдарламасына еніп отыр.

Сан-Себастьяндағы Халықаралық кинофестивальдің директоры Хосе Луис Ребординос «Cineasia» басылымына Ержановтың «Қап-қара адам» фильмі туралы айтыпты: 

- Бұл ерекше фильм... Көптеген ірі фестивальдарға, соның ішінде Канн кинофестиваліне қатысқан режиссер Әділхан Ержанов. «Қап-қара адам» - өте әдемі фильм, Франциямен бірлесе түсірілген жұмыс. Бұл шын мәнісінде триллер, бірақ визуалды әдемілік мен ритм бұл жерде маңызды рөл атқарады. Ол жерде «Олдбой» фильміне (реж. Пак Чан Ук) ұқсас көріністер бар. Өнерді бағалаушылар мұны көргенде, түсінеді. Бұл сыбайлас жемқорлық тақырыбын көтеретін ерекше триллер, өте қызықты және өте әдемі фильм... Бұл біздің фестиваліміздің ең басты және ең бір көп күтілетін фильмдерінің бірі.



0 Пікір Кіру