Жапонияға қуатты тайфун жақындап келеді - на weekend.bugin.kz
Plumeria - на weekend.bugin.kz Plumeria

Жүздеген әуе рейстері тоқтатылды

Токиода 8 қыркүйектен 9 қыркүйекке дейін болған қуатты «Факсай» тайфунының салдарынан 930 мыңға жуық тұрғын уақытша жарықсыз қалды.

Токиоға жақын орналасқан Тиба префектурасында нөсерлі жаңбыр көшкінге себеп болып, кемінде 20 адам зардап шеккен. Жапон астанасында жел тынышталып, көлік қозғалысы қалпына келсе де, мектептердегі сабақтар тоқтатылған.

Таңертең, биыл 15-ші рет болған «Факсай» тайфуны Токионың негізгі халықаралық әуежайы орналасқан Нарита ауданында сағатына 25 шақырым жылдамдықпен қозғалып өткен.

Токиоға Тынық мұхитының оңтүстік жағынан жақындап келген тайфунның салдарынан жүзге жуық рейстер тоқтатылды. Телеарналардың бірінің хабарлауынша, кейбір аудандарда үйлердің әйнектері сынып, ағаштар құлаған.

Тайфун орталығындағы қысым 960 гектопаскаль (720 миллиметр сынап бағанасы), ал желдің жылдамдығы сағатына 216 километрге жеткен. «Факсай» тайфуны Тынық мұхитқа қарай Жапониядан солтүстік-шығысқа қарай бет алды.

 

 

 

               


0 Пікір Кіру