Қош келдің, студент! - на weekend.bugin.kz
Bugin.kz - на weekend.bugin.kz Bugin.kz

Сен де - бір кірпіш дүниеге Кетігін тап та, бар қалан!

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ғасырға жуық уақыт бойы еліміздің алдыңғы қатарлы мамандарды даярлауда көш бастап келеді. Болашақ мамандығы мен оқу орнын саналы түрде таңдап, ертеңгі күні кемел елдің келешегіне өз үлесін қосамын деген жас түлектер биыл да ҚазҰУ-де жетерлік.

Осы оқу жылы Экономика және Бизнес жоғары мектебінің «Экономика» кафедрасы үшін де жемісті болды. Еліміздің экономикасын жандандыру жолында қызмет етем деген жас түлектер «Экономика» мамандығын таңдап отыр. Олар -  мектептерінің мақтанышы, еліміздің барлық аймақтарынан келген, алғыр ойлы саналы ұрпақ.

 - Студенттер ашық есік күндері қара шаңырағымыздың барлық корпустарын көріп, оқу орнының әлеуетімен танысты. Оқу жылының алғашқы күні «Экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен бірінші курс студенттеріне көшбасшылық лекциясы ұйымдастырылды. Бұл лекцияның басты спикері Al Hilal банкінің қаржы директоры, кафедраның түлегі Айдын Таиров мырза  болашақ мамандарымызбен мансап жолының қыр-сырымен бөлісіп, оқу-ізденіс барысында пайдаға асатын түрлі кеңестер берді, - дейді «Экономика» кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, PhD докторы Салтанат Қондыбаева. 

«Экономика» кафедрасы қазіргі таңда Қазақстанның түрлі салаларында қызмет етіп жүрген талай дарынды мамандарды оқытты. 

- «Экономика» кафедрасында 34 оқытушы: оның ішінде 5 ғылым докторы, 7 экономика ғылымының кандидаты, 8 PhD докторы қызмет етеді. Олар теория мен практиканы ұштастыра білетін, үш тілде еркін білім бере алатын өз ісінің мамандары, - дейді кафеданың оқытушысы Рысжан Қабылқайратқызы.

Олай болса, тамыры терең, білімі кемел «Экономика» кафедрасына қош келдіңіздер! Сіздерден оқуға деген құштарлып пен ынтаны күтеміз, құрметті студенттер.

 

 


0 Пікір Кіру