Мәдениет пен әдебиеттің жаңғыратын уақыты келді - на weekend.bugin.kz
Мереке Зейноллақызы - на weekend.bugin.kz Мереке Зейноллақызы

Әдебиет ел назарында

Халқының қамын ойлайтын әділ басшылар – Мемлекеттің гүлденуінің нышаны. Баршамыз оқып-танысқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл жолдауы шын мәнісінде халық пен басшылықты байланыстырушы көпір  боларына сеніміміз мол. Себебі соңғы жылдары басшылыққа ризашылық білдірмеген халық тарапынан митингтер саны артып келеді. Бұл Елбасының назарынан да тыс қалмады.

«Халықтың дауысы – шындық үні» деген тұжырымға келген ел басшысы барлық мемлекет қызметкерлеріне халықпен ашық диалог орнатуды тапсырып отыр. Сонымен қатар, халық арасындағы заң аясынан шықпайтын, бейбіт митингтер мемлекет тараптан қолдау табатындығын айтты.

«Заман талабына сай тиімді мемлекет» – «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» үштұғырының берік, қажырлы ынтымақтастығының жемісі.

Елбасымыздың халқына жолдауындағы, әсіресе, атап өткім келіп отырғаны «туризм» мен «нағыз отаншылдыққа» тәрбиелейтін ел өміріндегі елеуі оқиғаларды атап өту туралы тұжырымдамасы. Қазақ жерінің байлығына, табиғатының көркемдігіне тамсанбайтын адам аз шығар. Ал біздің халықтың қонақжайлылығы жайлы сонау ертедегі тарих беттеріндегі ескі жазбалардан да көруге болады.

Еліміздің туризм және халықаралық байланыс саласына Алматы қаласындағы Халықаралық Қазақ-Қытай Тіл Колледжі де үлес қосып келеді. Колледж жыл сайын тіл мамандарымен қоса, еліміздегі туризм саласын қатар дамытып келе жатқан білім шаңырағы.

Туризм саласы – соңғы жылдарда бастауын алған кенже сала. Ал туризмге сапалы кадрлерді даярлау барлық оқу орындарында дерлік жүргізіліп жатқан жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұлы «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңінде» жастардың білімі жайлы мәселені бекерге көтеріп отырған жоқ. Білімді жастар деп кімді айтамыз және олардың бойында қандай кәсіби қабілет болуы керек?! Ашық және мәдени жаңғыру кезеңінде сапалы кадр деп өз мамандығын сауатты меңгерген, елінің патриотын айтамыз.

Сонымен қатар, туризм саласын дамытып, қазақ әдебиеті алыптарының шығармашылығын әлеммен бөлісу үшін-тіл білу қажет. Ал Халықаралық Қазақ-Қытай Тіл Колледжінің түлектері - қазақ, орыс тілдерімен қоса ағылшын және қытай тілдерін жоғары деңгейде меңгерген мамандар. 

Алдағы жылдар жоспарында «Алтын Орданың 750 жылдығын мәдениетіміз бен тарихымызға туристердің назарын аударып», «Әл-Фарабидің 1150», «Абайдың 175 жылдығын» қажетсіз ысырапсыз, шығармашылықты насихаттауды тапсырды ел Президенті. 

Атап өтетін жайт, ұлы Абайдың 175 жылдығына орай ҚХР, Шанхайда Абай шығармалары қытайша нұсқада сайрап үлгерді. Аталған шараларға біздің колледж де атсалысу үстінде. Әрбір жүрегі қазақ деп соққан елжанды азаматтар аталған шараларға үлес қосса, нұр үстіне нұр болар еді.



0 Пікір Кіру