Темекіні адал етіп алғанбыз - на weekend.bugin.kz
Бибіт Нұрмұхан - на weekend.bugin.kz Бибіт Нұрмұхан

Өлең

Темекіні үйреткендей әкеміз,

Мейірлене деммен ішке тартамыз.

Будақтата көк түтінді шығарып,

Өмірді де бірге шығарып жатамыз.


Алғашында тек қызыққа батамыз,

Кейін келе әдет етіп аламыз.

Ақыр соңы амалымыз біткесін,

Қызық затқа кұмар болып қаламыз.


Қайыршыға көк тиын бермесек те,

Темекіге тиын тебен табамыз.

Сол бәлені бәрінен адал қойып,

Пайдалыны харам ете саламыз...

0 Пікір Кіру