Америкалық БАҚ: Қазақ түйелеріндей түлік еш жерде жоқ - на weekend.bugin.kz
Kymbat Slyambekov - на weekend.bugin.kz Kymbat Slyambekov

Қазақ ғалымдарының түйені будандастыруда жеткен жетістігі мол

АҚШ-тың белді The New York Times басылымы қазақ түйелерінің ерекшелігіне қанық болып қайтқан екен. Басылымның жазуынша, мұндай түйелер әлемнің еш жерінде жоқ, тек қазақ даласында ғана бар ерекше түр.  

- Әдетте, түйенің екі түрі ғана болады: қос өркешті және бір өркешті (қарақұм түйелері). Алайда қазақ даласында таралған түйелер қос та, айыр да емес, «бір жарым тонналық көлік» десек болады. Яғни, өркеші қос болғанымен, біреуі жартылай ғана өркеш, - деп сипаттап жазады басылым.

Басылымға пікір білдірген Мәскеу этнографиялық қоғам директоры, түйе жануары бойынша маман Юрий Габровтың айтуынша, «түйені будандастырушы ең үздік мамандардың барлығы Қазақстанда».

- Жартылай өркешті түйелер – қос өркешті түйелер мен бір өркешті түйелерді «шатыстырудан» шыққан түйе түрі. Мұндай түйелер суыққа төзімді, сүтті келеді, - дейді маман.


Әдетте, мұндай түйелерді қазақтар нар түйе, аруана, желмая дейді. Қазақтың түйе шаруашылығымен айналысуына жерінің кеңдігі мен шұбатқа деген қызығушылығы себеп болған.

- Қазақстан билігі экономикасын барынша мұнай мен газдан тәуелсіз ұстау үшін ауыл шаруашылығын дамытуға мән беруде. Бұл да түйенің көбеюіне әсер етіп отыр. Статистика комитетінің деректеріне сүйенсек, 1999 жылы Қазақстанда 96 мың түйе болса, 2017 жылы түйенің саны 191 мыңға дейін көбейген. Бұл түйелердің 80%-ы, жоғарыда айтқанымыздай, нар түйелер, гибрид-түйелер, - деп жазады басылым.

Басылымның жазуынша, нар түйелердің қазақ даласы үшін көші-қонға, Ұлы Жібек жолымен сауда-саттық жасауға өте көп көмегі тиген жануар. Алайда 20 ғасырдың басында кеңестік конфискация мен ұжымдастыру кезінде қазақ даласындағы түйелер әжептәуір азайып кетті. Қазақстан тәуелсіз ел атанғаннан кейін, түйе өсіруге мән бере бастады. Әсіресе, нар түйенің саны көбейгені байқалады.

- Қазақ ғалымдары түйені будандастырудан біршама жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі уақытта Қазақстанда будандастырлған түйелердің 31 түрі бар. Оның 20-сы коммерциялық мақсатта кәсіп үшін өсіріледі. Бұлардың көпшілігі қос өркешті түйе мен бір өркешті түйенің буданынан шыққан түйелерді басқа қос өркешті түйелермен «шағылыстыру» арқылы алынған. Тіпті, түйе жануарының туысы саналатын лама мен нар түйені будандастыру әрекеті де болған. Одан туған кама жануары дүниеге келді, - деп жазады басылым.

 

0 Пікір Кіру