Әлемдегі адам аяқ басуға болмайтын 7 мекен - на weekend.bugin.kz
Bugin.kz - на weekend.bugin.kz Bugin.kz

Адам аяқ басуға болмайтын мекендер.

Суртсей аралы


Себеп: ғылыми эксперименттердің өтуі

1963 жылы Исландияда жергілікті жанартаудың атқылауы нәтижесеніде аралдың аумағы 2,7 шаршы км-ге артқан. Бұл жағдай біршама мемлекеттегі ғалымдардың қызығушылығын туғызған. Сол себептен де сол уақыттан бері бұл аралға ғылыми мақсаттармен ғана кіруге болады. Сонымен қатар қарапайым адамдарға баруға тыйым салынған аймақтар қатарына кірген.  

Кеймара-Гранди аралы

Себеп: улы жыландардың көптігі

Кеймада-Гранди аралы - Бразилия жағалауынан 35 км қашықтықта орналасқан шынайы жұмаққа ұқсайтын мекен. 0,43 шаршы км-ден тұратын аумақта 4000-ға жуық улы жыландар бар.

Бұл жерде әлемдегі ең улы жылан аралдық ботропс мекендейді. Бұл жыланның уы адамды бірден өлтіреді. Оның уы басқа жыландардың уына қарағанда 5 есе күшті. Осы себептен де Бразилиядағы билік Кеймада-Гранди аралына кіруге тыйым салды. Сонымен қатар бұл аралды жыландар аралы деп те атайды.

Солтүстік Сентинель аралы


Себеп: достықты қаламайтын байырғы жергілікті тұрғындар

Солтүстік Сентинель аралы Бенгаль шығанағындағы Андаман аралдарының қатарына кіреді. Ресми түрде арал Индияны басқарады. Ол қауіпті байырғы жергілікті тұрғындардың Отаны. Ғалымдардың пікірінше, бұл тайпалар 60 000 жыл бойы өркениеттен тыс өмір сүрген. Бұл адамдар өз аймақтарын бірлесіп қорғайды.

Мысалы, 2004 жылы Үнді мұхитында цунами болғаннан кейін үнді билігі жергілікті тұрғындарға көмек қажет па екендігін білу үшін тікұшақ жібереді. Бірақ тікұшақ жергілікті тұрғындармен бетпе-бет келіп қалады. Олар соңғы рет жоғалып кеткен балықшылардың өміріне қауіп төндіреді.  Солардың өлімінен кейін Индия басшылары тұрғындарды бұлардан да, бұлардың жерінен де аулақ жүруге шақырады.

Исэ шіркеуі


Себеп: тек таңдалған адамдарға арналған шіркеу

Жапониядағы аса құрметке ие Исэ Джингу шіркеуі. Орталық шіркеу биік ағаш қабырғалардан тұрғызылған. 1945 жылға дейін Исэ шіркеуіне кіру қиынырақ болған. Бұл жерге жоғары дәрежедегі дін қызметкерлері мен император отбасының мүшелері ған кіре алады.

Груйнард аралы


Себеп: билогиялық қарулардың сыналуы

1942 жылы британ үкіметі бұл шотландиялық аралды биологиялық қарулардың ішіндегі сібір жарасын сынау үшін сатып алды. Сібір жарасы аумақты улайды, сонымен қатар 95% өлім осы себепті болады. 1980 жылға дейін бұл арал әлемдегі ең қауіпті жерлердің бірі болады. 1990 жылы ғана ғалымдардың зерттеуі нәтижесінде қауіпсіз аймақ деп жарияланады.

Ласко үңгірі


Себеп: адамдардан шыққан көмірқышқыл газы ертедегі көркем суреттерді бүлдіреді

Тарихты көп оқитын адамдар үшін бұл жер үлкен арман болып саналады. Бұл жерден мың жыл бұрын өмір сүрген адамдардың өмір сүру жүйесін көруге болады. Бірақ Ласко үңгірі кіруге тыйым салынған жерлердің қатарына кіреді. Бұл үңгірде біздің заманымызға дейінгі 18-15 мыңжылдықтағы өнер туындылары сақталған. Бұрын бұл үңгір туристер үшін ашық болған. Бірақ біраз жыл бұрын ол жабылды. Себебі адамдардан шыққан көмірқышқыл газы біршама суреттерді бүлдірген. Қазіргі таңда кейбір ғалымдар ғана бұл үңгірге кіре алады.

51 аймақ


Себеп: жабық әсери база

Бұл база Лас Вегастың солтүстік-батысында орналасқан. Бұл әскери база АҚШ үкіметінің жасырын мақсаттары үшін қызмет етеді. Қазіргі күнге дейін бұл аймақтың қандай себеппен қолданылатыны белгісіз. Бірақ қауесеттерге сүйенсек, бұл аймақты ядролық қаруды сынау үшін қолданады. Кейбіреулері ол жерде НЛО бар деп есептейді. Шындығына келгенде ол жерде ұшу аппараттарына тәжірибелер мен қарулану системалары жүзеге асырылады.

0 Пікір Кіру