Ержан Максим отбасымен Қазақстаннан кететін болды - на weekend.bugin.kz
Bugin.kz - на weekend.bugin.kz Bugin.kz

Жас әнші отбасымен Мәскеуге көшетін болды

Жас әнші Мәскеуде продюсер әрі композитор Игорь Крутойдың академиясында оқитын болады

Жас қазақ әншісі Ержан Максим отбасымен Мәскеуге көшетін болды.

Ресейдің астанасында Ержан бес жыл тұруды жоспарлап отыр.

"Ержан Игорь Крутойдың музыка академиясында оқитын болады. Ол жақта пәтер жалдап тұрамыз", - деп атап өтті Ержанның анасы Гүлмира Әлібек.

Оның айтуынша, қазір 12 жасар Ержан Максим Балалар Евровидениесіне дайындалып жатыр.

Еске сала кетсек, талантты жасөспірім Ресейдің "Голос.Дети" шоуына қатысқаннан кейін Игорь Крутойдың академиясында оқуға шақырту алған болатын. Димаш Құдайбергенмен бірге жұмыс істейтін танымал композиторды Ержан Максиммен Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов таныстырған.

Игорь Крутойдың 2015 жылы құрылған танымал музыка академиясында дарынды бүлдіршіндер вокал, актерлік шеберлік бойынша білім алады, сондай-ақ телевидениеде жұмыс істеп, кәсіби блогер болуды үйренеді.

Ержанның шығармашылық жолы

Ержан Максим Бірінші арнадағы "Голос.Дети" шоуына қатысқаннан кейін танымалдыққа ие болды. Бастапқыда байқаудың жеңімпазы Микелла Абрамова атанып, Ержан Максим екінші орын алған еді. Артынша шоу қорытындысына заңсыз дауыс жинау әсер еткені анықталды.

"Голос.Дети" байқауының арнайы бөлімінде Ержан мен басқа қатысушылар жеңімпаз деп жарияланды. Жасөспірім 2007 жылы 6 қыркүйекте Орал қаласында дүниеге келген.

sputniknews.kz

0 Пікір Кіру