Азғындыққа жол жоқ! - на weekend.bugin.kz
Марат Тоқашбаев - на weekend.bugin.kz Марат Тоқашбаев

Қазақстанда ЛБГТ-ға заңмен тосқауыл қойылсын!

«Көгілдірлер» деп аталатын ауытқушылықты пенделердің елорда мен оңтүстік астанада гей-парад өткізуге өтініш бергені туралы ақпарат басқа да қарапайым қалың жұртшылық сияқты менің де қатты ашу-ызамды туғызды. Бұл не қылған басынушылық?! Не қылған еркінсу?! Қазақстан сияқты мұсылман мемлекетінде мұндай бассыздыққа жол беруге бола ма? 

Меніңше, бұған үзілді-кесілді тосқауыл қою керек. Іс жүзінде гомосексуализм –содомистік дерт, ол– ауру. Ол – адамзаттың табиғи өсіп-өнуінің жолын кесетін құдай қарғаған құбылыс. СПИД сияқты жұқпалы дерттердің көзі. Ол жас ұрпақты азғындық жолға итермелеуші. Мұның ең қауіпті тұсы да осы. Өзін «көгілдір» санайтындар өздерімен өздері болып қойса бір сәрі, олар азғындық дертті өмірлік тәжірибесі жоқ жастарға жұқтырып, қатарын көбейткісі келеді. Сондықтан Қазақстанда гомосексуализмге заң жолымен тыйым салынуы керек! 


Осындайда Альберт Эйнштейннің: «Қараңғылық дегеніміз – жарықтың жоқтығы» деген анықтамасы еске түседі. Осы пікірді жалғастырып «Надандық дегеніміз – иманның жоқтығы» деп тұжырымдауға болады. Азғындық иманның жоқтығынан туындайды. Бүгінгі таңда әлемде ағылшын тілінен тараған ЛГБТ (лесбиян, гей, бисексуал, трансгендер) деген аббервиатура қолданылады, олай деп түрлі сексуальдық ауытқушылықтары бар адамдарды атайды. 

Лесбиян дегеніміз қазақша айтқанда – қызтеке. Еркектік гормондары басым әйелдер. Гей – қазақша бәтша-қар (бәтшағар деп те айтылады, бәтша – иран, ауған елдерінде әйел орнына пайдаланылатын ұл балалар, қар – қатын мағынасында), Бисексуал - әрі еркек, әрі әйел яғни қосжынысты адамдар, Трансгендер – ота жасау жолымен жынысын ауыстырғандар. Бұлардың арасында қызтекелер, қос жыныстылар, жынысын ауыстырғандар өте аз. Көбірек тарағаны – қазір «көгілдірлер» деп аталып жүрген бәтшағарлар. Еуропада мұндай содомистер саны әр мемлекетте әр қалай, шамамен халқының бір пайыздан үш пайызына дейінгі үлесін қамтиды. 

Қазақстанда бәтшағарлар үні «көгілдірлер құқығын қорғау» деген желеумен ақпарат құралдарында жиірек айтылатын болып жүр. Қазір Алматыда 20 шақты, Астанада 5-6 гей клуб ашық жұмыс істейді. Қазақстан халқының бір пайызы осындай деп есептесек 200 мыңдай азғындық дертке ұшыраған жан бар екендігін көреміз. Әрі әлгілердің қатары біртіндеп көбейіп келеді. Олардың қатарының көбеюіне билік басындағы кейбір бәтшағарлар да ықпал етіп отыр. 

Қасиетті қазақ жері кім ойына не келсе соны істейтін жері емес. Біз әлмисақтан мұсылман халықпыз. Қазаққа бәтшағарлық мүлде жат. 

Пайғамбарымыз да хадистерінің бірінде: «Қылықтары еркекке ұқсайтын әйелге және әйелге ұқсайтын еркекке лағынет болсын!», сондай-ақ: «Еркекке ұқсауға тырысатын әйел және әйелге ұқсауға тырысатын еркек менің үмбетімнен емес», –дейді. 

ҚМДБ 2016 жылы гомосексуалистерге, жынысын ауыстырғандарға қатысты қатаң пәтуә шығарған. Онда мұндай сорақы іс Жаратушының жаратылысына қарсы шығушылық, шайтанның жетегінде кетушілік ретінде бағаланған. Сондықтан қазақ жерінде азғындыққа жол жоқ!


0 Пікір Кіру