Семейге «Жастар керуені» жобасының қатысушылары келді - на weekend.bugin.kz
Bugin.kz - на weekend.bugin.kz Bugin.kz

Бұл жоба – республикадағы ең ауқымды жобалардың бірі

Оған 700-дей жастар өкілі қатысты. Олардың қатарында: студенттер, белсенділер, блогерлер, жас әртістер бар.  Жоба қатысушылары жеті топқа бөлініп, еліміздің ең қызықты, тарихи және киелі жерлерімен танысады.

Шығыс Қазақстанның тарихи әрі мазмұнды жерлерімен танысу үшін 100 бала келді. Сондай-ақ, Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінің дайындаған жастар фестивалінің қонағы болды. Кеш қонақтары үшін Семей жастарының орындауында танымал әндер шырқалып, ашық аспан астындағы фильмді тамашалады.

-           Біз Шығыс Қазақстан облысында төрт күн боламыз. Осы уақыт ішінде біз өңірдің барлық тарихи және киелі жерлеріне баруды жоспарлап отырмыз. Жалпы біздің жоба жастар туризмін дамытуға бағытталған. Біз бұл сапардан үлкен әсер алдық, сондай-ақ жергілікті тұрғындардың қонақжайлылығын атап өтпеуге болмайды,-деді Жастар Конгресінің менеджері Жанбота Пашен.

«Жастар керуені» жобасының  ұйымдастырушыларының айтуынша, егер осы жылы ол сәтті аяқталса, онда болашақта жоба міндетті түрде жалғасын табады.

0 Пікір Кіру